Жамбыл облысының 2021 жылдың қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Жамбыл облысының 2021 жылдың қаңтар-желтоқсандағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы
Өнеркәсіп. 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанында 622,5 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі — 104,6%.
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда — 3,6%-ға (62,4 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібі – 1,8%-ға (448,7 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау – 19,4%-ға (105,8 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер – 3,5%-ға (5,5 млрд. теңге) өсуі байқалады.
2021 жылы инвестициялар көлемі 18,4 млрд. теңгеге, 651 жаңа жұмыс орындары құрылатын 12 жоба жүзеге асырылды («Жабатаева Л.К.» ЖК — консерві өндірісін ұйымдастыру және көкөніс қоймасын салу, «Аса Агро» ЖШС-гі — құс фабрикасының ет өндіру көлемін ұлғайту, «KORDAY FISH» ЖШС-гі — балық өнімдерін өндіру және консервілеу, «Golden Compass Capital» АҚ-ы — құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу фабрикасын салу (ІІ кезең), «BestYard» ЖШС-гі — балық өнімдерін өңдеу зауыты, «AQMOL 2025» ЖШС-гі — сүт өңдеу және ірімшік өндіру бойынша сүт цехын кеңейту, «Мухиев Е.Қ» ЖК-ғы — темір бетон бұйымдары зауытының құрылысы, «Satellie GS» ЖШС-гі — Мыңарал кен орнының құрамында алтын бар кенді өндіру және байыту бойынша зауытының құрылысы, «Kazstonebox» ЖШС-гі — гофрирленген картон және тас қағаздан дайын қаптама өндіру, «Аса DAMU» ЖШС-гі — жұмыртқа және құс етін өндіру фабрикасын кеңейту, «Taraz Plastic» ЖШС-гі — полипропилен шпагатын өндіру желісі, «КЕРЕҢ» ШҚ-ғы – 216 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салу).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 426,7 млрд.теңгені немесе 2020 жылға 101,4%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 253,1 млрд. теңге (НКИ -99,0%), мал шаруашылығы – 173,1 млрд. теңге (НКИ-104,8%).
Шаруашылықтың барлық санаттарында 149,2 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 2020 жылға 106,6%, сүт – 331,4 мың тонна (101,5%), жұмыртқа – 148,9 млн. дана (108,3%), жүн — 6,0 мың тонна (101,8%).
МІҚ саны 2020 жылдың тиісті кезеңіне 10,1%-ға (499,1 мың бас), қой – 7,1%-ға (3005,3 мың бас), жылқы – 10,2%-ға (167,1 мың бас) өсіп, құс саны – 3,9%-ға (1712,2 мың бас) азайды.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2021 жылы 19 391,5 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен — 9566,6 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 9824,9 млн. теңге субсидия көзделген.
2022 жылдың 1 қаңтарына 19 3875 млн.теңге игерілді. Оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен — 9 564,9 млн.теңге, жергілікті бюджеттен — 9 822,6 млн. теңге.
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2021 жылғы қаңтар — қыркүйекте шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 535,4 млрд.теңгені (106,4%), шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны — 125 мың адамды (98,9%) құрады.
Жұмыс істейтін субъектілер саны 2022 жылғы 1 қаңтарға 71,3 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 102,8%-ды құрады. Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы көлемінде жұмыс істеп тұрғандардың үлесі 81,9%-ды құрайды.
«Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы сомасы 172,5 млрд. теңгені құрайтын 4919 жоба қолдау тапты.
Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы 133,7 млрд.теңгені құрайтын 2648 жоба (2021 ж. – 33,8 млрд. теңгеге 1329 жоба).
«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 17,5 млрд. теңгені құрайтын 1880 жоба жүзеге асырылуда (2021 ж. – 8,4 млрд. теңгеге 1154жоба).
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 20,7 млрд.теңгеге 119 жоба іске асырылуда (2021 ж. — 231,7 млн. теңгеге 5 жоба).
«Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша АҮК 692,9 млн. теңге сомасына 272 жоба қаржыландыруға мақұлданды (2021 ж. – 21,0 млн. теңгеге 5 жоба).
2021 жылдың қаңтар-желтоқсанына бөлшек сауда айналымының көлемі 371,8 млрд. теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға артты. Көтерме сауда айналымы – 309,1 млрд. теңге сомасында қалыптасып, 6,0%-ға артты.
2021 жылғы қаңтар-қарашада ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша сыртқы сауда айналымы 238,3 млн. АҚШ долларын құрап немесе 2020 жылғы қаңтар-қазанына қарағанда 150,6%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 57,7 млн. АҚШ доллары (112,7%), импорт – 180,6 млн. АҚШ доллары (168,8%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 122,9 млн. АҚШ доллары.
Көлік. Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 2020 жылға 3,6%-ға (92,1 млн. тонна) және жолаушылар айналымы — 10,2%-ға (3435,1 млн.жкм) төмендеді. Жүк айналымы 8,0%-ға (3683,9 млн.ткм) және жолаушыларды тасымалдау — 0,5%-ға (451,3 млн. адам) артты.
Инвестиция көлемі 409,9 млрд.теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңіне 113,4% құрады. Өсім Жамбыл ауданында құрылысы жоспарланып жатқан жаңа тұрғын үйлерге ИКИ жүргізуге, газбен қамтуға, елді мекенішілік қиыршық тас жолдарды салуға, Аса ауылында Абай көшесінің бойында көппәтерлі тұрғын үй салуға, республикалық маңызы бар «Ұзынағаш-Отар» автожолын және Құрту-Бұрылбайтал автожолын қалпына келтіруге инвестициялар тарту есебінен қамтамасыз етілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 215,6 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 112,9% құрады. Өсім Тараз қаласында 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы, 15 шағын мөлтек ауданында көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы, Мойынқұм ауданында Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомобиль жолын реконструкциялау, Талас ауданында Қаратау қаласы үшін Көктал су құбырының құрылысы есебінен қамтамасыз етілді.
Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 704,7 мың ш.м құрап, немесе 2020 жылдың тиісті деңгейіне 114,1%.
2021 жылғы желтоқсандағы инфляция деңгейі 8,1% — ды құрады. Азық — түлік тауарларының бағасы 9,7% — ға, азық-түлік емес тауарларға – 8,0% — ға, ақылы қызметтер — 6,3% — ға көтерілді.
Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,3 пайыздық тармаққа төмен (ҚР – 8,4%).
2021 жылдың желтоқсан айында тұтыну бағаларының индексі үстіміздегі жылдың қараша айына қарағанда 100,4%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 100,6%-ды, азық-түлік емес тауарлар — 100,9%-ды, ақылы қызметтер – 99,7%-ды құрады.
Азық — түлік тауарлары бойынша 2021 жылғы желтоқсанда жарма — 2,5%-ға (оның ішінде ұнтақ жармасы — 2,9%-ға, қарақұмық — 2,8%-ға, сұлы -2,7%-ға, жүгері — 1,9%-ға, арпа — 1,8%-ға), шай — 2,1%-ға, макарон өнімдері, көкөністер мен жемістер — 1,0%-ға (оның ішінде қырыққабат – 0,7%-ға), балық және теңіз өнімдері, ет — 0,2 %-ға (оның ішінде сиыр еті 0,5%-ға, жылқы, шошқа, қой, құс еттері — 0,1%-ға), 1-сұрыпты ұннан пісірілген нан, шұжықтар, сүт өнімдері, май және майлар — 0,1%-ға (оның ішінде айран 2,5% майлығы — 0,3 %-ға, тұздалмаған сары май, сүзбе 5-9% майлығы — 0,2%-ға, күнбағыс майы — 0,2%-ға), қаймақ, ірімшік — 0,1%-ға) бағалар өсті.
Бағаның төмендеуі сәбіз — 8,9%-ға, қызылша — 8,8%-ға, пиязға — 8,0%-ға, алма және құмшекер — 1,1%-ға, қартоп, жұмыртқа 1 дәрежелі — 0,8%-ға, күнбағыс майы — 0,7%-ға, күріш — 0,4%-ға байқалды.
Жоғары сұрыпты ұннан жасалған нанның, қой етінің, пастерленген сүттің бағалары тұрақты болып қалды.
Азық — түлік емес тауарлар тобы бойынша фармацевтикалық өнімге 1,7%-ға, киім және аяқ киімге — 1,3%-ға, жуу және тазалау құралдарына, қатты отын — 1,2%-ға, бензинге — 0,6%-ға бағалар өсті.
Дизель отынына тарифтер 3,2% — ға төмендеді.
Ақылы қызметтер тобы бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айында жолаушылар көлігінің қызметі – 2,0%-ға, қоғамдық тамақтандыру қызметтері-1,3%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтері — 0,8%-ға, амбулаториялық қызметтер 0,6%-ға өсті.
Ыстық су мен орталық жылу тарифтері 16,6% — ға төмендеді.
Салықтар мен бюджет. 2022 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік бюджетке 144,7 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 106,6%, оның ішінде республикалық бюджетке — 48,1 млрд.теңге (болжамға 108,7%), жергілікті бюджетке – 96,7 млрд.теңге (болжамға 105,6%).
2022 жылғы 1 қаңтарына берешек сомасы 3,3 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 129,7%-ды құрады.
2021 жылға арналған облыс бюджетінің кірістері бойынша орындалуы 464,9 млрд. теңге, оның ішінде өзіндік кірістері 96,7 млрд.теңгені құрады.
Өзіндік кірістер 96 652,0 млн. теңгеге (жоспар – 91 542,1 млн.теңге) немесе 105,6%-ға орындалды. Оның ішінде, салықтық түсімдер 81 807,6 млн. теңгеге (жоспар – 78 504,5 млн.теңге) немесе 104,2%-ға, салықтық емес түсімдер 3 701,6 млн. теңгеге (жоспар – 3 469,3 млн.теңге) немесе 106,7%-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер — 11 142,8 млн. теңгеге (жоспар — 9 568,3 млн.теңге) немесе 116,5%-ға орындалды.
Бюджеттік шығындар 99,5%-ға игерілді (470,3 млрд.теңге).
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 58078 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 30195 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1516 адам, жастар практикасымен — 2107 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 11085 адам қамтылды.
Жаңадан 38752 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы — 18998. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 54338 адамның 37680 жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2021 жылдың 3 тоқсанында 184 408 теңгені құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда — 22,6%-ға, нақты — 12,8%-ға артты.
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы
2021 жылдың 3 тоқсанында 88874 теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10%-ға, нақты — 1,2%-ға өсті.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 79,0 мың тұрғынға 4390,0 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 4200,5 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 128,9 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 60,6 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы төленді.
Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы 230,4 млрд. теңге қарастырылды, есепті кезеңі жоспарына 230,4 млрд. теңгеге (100%-ға) игерілді.
Білім беру объектілерін дамытуға 2021 жылы бюджет есебінен 14,4 млрд.теңге қарастырылды (оның ішінде жергілікті бюджеттен — 10,6 млрд. теңге, «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында – 3,1 млрд. теңге, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде – 675,1 млн. теңге).
2021 жылы Тараз қаласындағы №22 орта мектебінің орнына 600 орындық, Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы 300 орындық, Қордай ауданы Масаншы ауылындағы 600 орындық, Күнбатыс-2 ауылындағы 150 орындық, 318 орындық №2 орта мектебінің ескі ғимараттарын бұзып, №16 орта мектептің ескі «А» блогын бұзып 348 орындық, Жуалы ауданы Дихан ауылындағы 180 орындық, Қордай ауданы Қалғұтты ауылындағы 180 орындық, Тараз қаласы «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабындағы 600 орындық, Шақан ауылындағы 100 орындық орта мектептердің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды.
«Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Байзақ ауданы Үлгілі ауылында Үлгілі орта мектеп ғимаратына қосымша 100 орындық оқу бөлмелерін, Көкөзек ауылы Ақбозов атындағы орта мектеп ғимаратына жапсарлас спортзал және асхана құрылысы, Құлан ауылы Ю.Гагарин атындағы негізгі мектепке спорт зал жапсарлас құрылысы, Т.Рысқұлов ауданы Луговое а. М.Горький атындағы орта мектеп казандығын газбен жабдықтау, Аймантөбе ауылы Берікқара орта мектеп қазандығын қайта жаңарту, Қордай ауданы Беріктас ауылындағы №28, Қайнар ауылындағы №32, Қақпатас ауылындағы №30, Сарыбұлақ ауылындағы №31 орта мектептердің қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға көшіру, Шу ауданы Көкқайнар ауылында Естемесов атындағы орта мектепті газбен жабдықтау жұмыстары аяқталды.
Қалған 10 білім нысандарының құрылысын аяқтау 2022 жылы жоспарлануда.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Облыстың 444 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылды. 371 мектепте 2452 интерактивті тақталар орнатылды.
2022 жылғы 1 қаңтарына облыстағы 562 мектепке дейінгі ұйымдарымен (431 балабақша, 131 шағын орталықтар) 57,1 мың бала немесе 91,5% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,1 пайыздық тармаққа артық.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы 22,1 млрд. теңге бөлініп, 22,0 млрд. теңге игерілді немесе 99,8%. Оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге қарастырылған 3,5 млрд. теңге толығымен игерілді. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық — техникалық базасын нығайтуға республикалық бюджеттен — 2,0 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен — 3,3 млрд. теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 5,4 млрд. теңге (оның ішінде РБ — 4,9 млрд. теңге, ЖБ — 0,4 млрд. теңге) қарастырылған.
Тараз қаласындағы 200 орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысын аяқтау 2022 жылы жоспарлануда.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында наркологиялық аурулар мен қан айналымы жүйесі аурулары деңгейінің төмендеуі байқалады. Қант диабеті, туберкулез, қатерлі ісіктер, психикалық бұзылулар, мерез ауруларының өсуі байқалады. Ана өлімінің 8 жағдайы тіркелді (Байзақ ауданында-2, Жамбыл ауданында — 1, Меркі ауданында -1, Талас ауданында -1, Шу ауданында-1 және Тараз қаласында-2).