Жүргізілген жұмыс кезінде Тараз қалалық мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы мен жеке кәсіпкер «А.Н.Сатенов» арасындағы келісім-шартта көрсетілген тауарлардың бағасы нарықтан тым жоғары екені анықталды.
Зерделеу барысында аталған тауарлардың (өндірістік құралдарды және тұрмыстық жабдықтарды сатып алу) нақты сомасын анықтау аясында тәуелсіз бағалаушыға жүгініп, 551,6 млн теңгеге жасалған келісім-шарттағы тауарлардың орташа құны 419,9 миллион теңгені құрайтыны белгілі болды.
Құзырлы органдар біздің анықтаған кемшіліктерді растап, нәтижесінде Тараз қалалық білім бөліміне аталған бюджетке 131,7 млн теңгені қайтару керек еді.
Барлық заң талаптарына сәйкес шаралар жүргізіліп, нәтижесінде сот арқылы аталған іс бойынша 131,7 млн теңгені бюджетке кері қайтару бойынша соттың қаулысы шығып, күшіне енді.