• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл жерінде жан-жануарлар әлемі жіті қорғалуда

02.04.2019
0
Жамбыл жерінде жан-жануарлар әлемі жіті қорғалуда
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады» деп баса айтқан болатын. Бұл бағыттағы жұмыстарды бағдарлы ету мақсатында былтыр Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен  жануарлар дүниесiн, табиғатын сақтау және көбейту туралы декларация қабылданған еді.

    Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерді, олардың тамырларын, гүлдерді  пайдаланбауды және тыйым салынған жерлерде немесе әуесқойлық мақсатта аң-құс аулауға болмайтындығы жөнінде анық айтылған. Аталған декларация   жергілікті атқарушы билік, облыстық сот, прокуратура, полиция департаменті және ұлттық қауіпсіздік органдары мен басқа да мемлекеттік мекемелер тарапынан қолдау тауып, барлығы  1962 қызметкер қол қойған болатын. Осы орайда ҚР «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңының 43-бабы аясында облыстық «Мамандандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметі» құрылып,  «Табиғат қорғау кеңесі» іске кіріскен еді. Міне, осындай құрылымдар мен жобалардың арқасында бүгінде өңірдің жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қырағы қорғалуда. Оған дәлел, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында табиғат заңнамасын қорғау үшін 7 рейдтік шара ұйымдастырылып, 21 заң бұзушылық фактісі анықталған. Нәтижесінде 21 дерек бойынша 542875,0 теңге айыппұл салынып, оның 37875,0 теңгесі өндірілген. Мемлекетке келтірілген залал 176750,0 теңгені құрап, оның ішінде 75750,0 теңге залалы төленіп, қалған сомасы өндірілуде. Сондай-ақ аң аулау барысында заңсыз пайдаланылған 21 дана  қару тәркіленіп, аудандық полиция бөлімінің уақытша сақтау қоймасына тапсырылған.

   Енді жекелей айтсақ, «Мамандандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметінің» қырағы қорықшыларының күшімен Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тумасы Бекнұр Шығынбай Қосқұдық орман қоры аумағында  заңсыз қоян атқаны үшін ұсталып, оған 12625,0 теңге көлемінде айыппұл салынған. Және 1 дана мылтығы тәркіленіп отыр. Ал Байзақ ауданы Көкөзек ауылының тұрғыны Аман Амирханов Байзақ мемлекеттік орман қоры жерінде заңсыз шіл атқаны үшін ұсталып, 12625,0 теңге айыппұл мен 63125,0 теңге келтірілген залалы өндірілген. 1 дана мылтық сақтау қоймасына өткізілген. Сондай-ақ Байзақ ауданы Дихан ауылының тумасы Жамбыл Мирсалимов Байзақ мемлекеттік орман қоры жерінде шіл құсын атқаны үшін құрықталып, айыппұлын өтеген. Осы іспеттес Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны Ержан Фазылов Сарысу мемлекеттік орман қоры аумағында заңсыз аңшылық жасағаны үшін ұсталса, осы қорықта мылтығын тастап қашқан белгісіз азаматқа қатысты іздестіру шаралары жүргізілуде. Бұдан бөлек, Байзақ ауданы Жақаш ауылының тұрғыны Ербатыр Сакиев аң аулау қағидасын бұзғаны үшін жазаға тартылса, Сарыкемер ауылының тумасы Александр Троеглазов Жамбыл ауданы жерінде жабайы үйрек атқаны үшін айыппұл арқалап отыр. Дәл сондай, Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғыны Николай Шапавалов, Тараз қаласының тұрғындары  Жұмаділла Жүнісов, Нұрлан Ақылбаев пен Марат Бердалиев Сарысу ауданының жерінде заңсыз аңшылық жүргізгені үшін қолға түскен.

    Жалпы есепті кезеңде Сарысу ауданының орман қоры жерінде заңсыз аң аулау  фактілері жиілеп кеткен. Оған дәлел, Жайлаукөл ауылының тұрғыны Сабыр Жамбылбековке заңсыз аңшылық жасағаны үшін хаттама толтырылса, Ақтам ауылының маңында сарысулық  Абай Асылов пен мылтығын тастап қашқан белгісіз тұлғаға үш кесім жасалуда. Сондай-ақ мойынқұмдық Жанабек Абдыбек, Панарбек Қалымбетов, Орынбасар Серіков пен Валерий Бадулиннің заңсыз үйрек атқаны үшін үстерінен іс қозғалса, Жамбыл ауданы Қаракемер ауылының маңында Абай Асылов есімді заң бұзушы қолға түскен.

  Осылайша ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында 21 дерек  бойынша барлығы 542875,0 теңге көлемінде айыппұл салынып, келтірілген залал – 719625,0 теңгеге теңестіріліп отыр. Оның 113625,0 теңгесі қазынаға құйылса, қалған 606000,0 теңгесі өндірілуде.

Әрине, жан-жануарлар әлемінде браконьерлік  фактілердің көрініс табуы байырдан бар нәрсе. Алайда, күннен-күнге аң-құстардың саны сиреп, «Қызыл кітаптың» табалдырығында тұрған бүгінгі таңда табиғат байлығын аялап, қорғау-баршамыздың азаматтық парызымыз. Осы орайда  жамбылдықтар облыс әкімі Асқар Исабекұлының бастамасымен құрылған «Мамандандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметінің» жұмысына жан-жақты қолдау білдіріп, тәртіпсіздікке жол бермейді деп сенеміз.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

14.05.2025
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

14.05.2025
Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

14.05.2025
Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

14.05.2025
Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

14.05.2025
Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

14.05.2025
«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

13.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты