Іс-шараның басты мақсаты – инженерлік салада сұранысқа ие болатын білікті мамандарды даярлаудың тиімді әрі заманауи моделін қалыптастыру үшін негізгі трендтерді, тәуекелдерді және даму сценарийлерін анықтау болды.
Сессия барысында қатысушылар болашаққа көз жүгіртіп, саладағы өзекті мәселелер мен мүмкіндіктерді бірге талқылады. Ашық диалог, бірлескен жұмыс және креативті ойлар сессияның мазмұнын ерекше байытып, жаңа идеялардың тууына негіз болды.
Іс-шараға облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Е.Атымтаев, ірі кәсіпорын басшылары, білім беру ұйымдарының өкілдері, сарапшылар мен жастар қатысты.
Бұл сессия – еңбек нарығы мен білім беру арасындағы байланысты нығайтып, болашақ инженер мамандарды даярлау жолындағы маңызды қадам болды.
Жамбыл облыстық білім басқармасы