Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты «Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің» директоры қызметіне Картаков Асхат Уайсович 2025 жылдың 8 сәуірінен бастап, заң талаптарына сай өткен конкурс нәтижесінде тағайындалды.
Колледж директорының тағайындалу рәсімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қызылқұлова Ләззат Әбілдәқызының қатысуымен өтті.
Ләззат Әбілдәқызы жаңа директорды колледж ұжымына таныстырып, алдағы жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, қызметіне сәттілік тіледі. Жамбыл политехникалық жоғары колледжі – техникалық және кәсіптік білім беру саласында өзіндік орны бар, кәсіби мамандар даярлауда елеулі үлес қосып келе жатқан оқу орны.