• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖАҢА ӨКІЛ ИМАМЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СҰХБАТЫ

04.07.2020
0
Бейбіт Мырзагелдиев

Бейбіт Мырзагелдиев

3
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Дін саласы қашанда өзекті мәселелердің бірі. Сан ғасырлар ата дінін салтына сіңіріп, дәстүріне айналдырған қазақ жерінде Ислам дінінің көкжиегі кеңіді, дәстүр мен дін өлшемдері ел тұрмысымен қатар өріліп келеді. Осы орайда, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевпен сұхбаттасқан едік.

– Ассалаумағалейкум Бейбіт Әліпбекұлы, сіздің киелі Әулиеатаға келгеніңізге 2 айдан астам уақыт болып қалды. Бірден бүгінгі таңдағы діни ахуалға тоқталмастан бұрын өзіңіздің балалық шағыңыз туралы білсек.

– Ассаламу Алейкум Уарахматулахи Убаракатух. Қасиетті Жұма баршамызға мүбәрәк болсын. Осы Жұма күнінде бекітілген бір сәт бар. Кімде кімнің дұғасы сол сәтке сәйкес келсе, әлбетте қабыл болады дейді. Сондықтан Жұма күнгі сұқбатымыз қайырлы болсын. Алла Тағала алдағы уақытта мұсылман қауымының мешіттерде 5 уақыт намазына оралып, жұма намаздарын жамағатпен оқып, Айт намаздарын оқып, сол бұрынғы өзіміздің осы уақытқа дейін қалыптасқан үрдісімізге қайта оралуға жазсын. Жұма күнінде дұға қылатын сәт сол дұғамен бастауды жөн көріп отырмын. Сол күнге Инша аллах мынау жарияланған пандемиядан бүкіл ел болып құтылуды Алла нәсіп етсін. Ал енді мынау ауырып жатқан, сырқаттанып жатқандарға Алла шипасын берсін. Дертті де беретін Алла, оның шипасын беретін де Алла. Расында, Жамбыл облысына карантин уақытында имам болып тағайындалдым. Оның бірнеше себептері бар. Енді ең бірінші сұқбатты өзімнен бастауды, жалпы балалық шақтан бастауды жөн көріп отыр екенсің. Сондықтан Аллаға сансыз шүкірлер болсын, мен Оңтүстіктің тумасымын. Көрші Түлкібас ауданының азаматымын. Жалпы жас кезімде, мектеп жасымда дінге бет бұрдым. Оған бірнеше себептер болды. Нақтырақ айтқанда, көршіміз үлкен ақсақал имам кісі еді. Сол мектепке барған уақытта, қайтқан уақытта балам сен осы кітап оқышы, Құран оқышы, білім үйрен, діни білім ал деп бізді осы салаға бетімізді бұрған болатын. Ол кезде біз мектептің 3-4 сыныптарын оқып жүрген уақытымыз. Аллаға шүкір сол кезден Асыл дініміздің құндылықтарымен қауышу басталды. Алланың қалауымен Өзбекстанның Әндіжан қаласына барып қарилықты тәмәмдап, медресседе оқып, білім алып елге оралдық. Бүгінде діни басқарманың қабырғасында биыл 20 жыл қызмет етіп келе жатыр екенмін. Негізінен аталған басқарманың құрылғанына биыл 30 жыл. Ең алғашқы қызметімізді сол өзіміз туып өскен елімізде ұстаздық қызметтен бастадым. Одан ары қарай Шымкент қаласында ұстаздық қызмет атқардық, мешітте көмекші имам болдық, содан кейін мынау 2001-2002 жылы осы Әулие Атада имамдық қызмет атқарған Әли Әләйдар деген ағамыз болды. Сол ағамыз Шым қаланың бас имамы болып тұрған кезінде мені апарып «Тельман» бөлімшесіне имам етіп тағайындады. Сол бөлімшеде 2005 жылға дейін мешітте имам әрі мектепте өзбек сыныптарына араб тілі мен Қазақстан тарихынан сабақ бердім. 5 жылдық мектепте де еңбек өтілім бар. Ол кезде солай еді имамдықта, мектепте ұстаздықты қатар алып жүретін мүмкіндіктер болған. Сол уақытта солай қызмет еттік. Бірақ мен өзімді сол ағарту саласында көбірек көретінмін. Ұстаздық қатты ұнайтын. Балалардың Құранға деген қызығушылығын арттырып, қарилар шығарсақ деген өзімде бір көптеген ойларым, мақсаттарым болатын. Дегенмен Алланың қалауы сол мешітке имам болып, діни қызметке қарай бет бұрдық.

– Сіз 30 жасыңызда қазіргі Түркістан облысына имам болған екенсіз. Қазір жасыңыз 40 келді. Сіздіңше, 30 жастағы бас имам мен 40 жастағы бас имамның айырмашылығы қандай?

– Сұрағыңыз өте орынды. Рас, осыдан 10 жыл бұрын нақты 2010 жылы қателеспесем маусым айының 16 жұлдызында бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысына имам боп тағайындалған едім. Шындығында, «Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал алмайды» дейді. Бізде жұмыстың ауқымы өте жоғары еді. Себебі Оңтүстікте мыңға жуық мешіттер қайта тіркеуден өтетін уақытта бардым. Сондықтан оны қайта тіркеуден өткізу үшін қаншама жұмыс жүргізілді, құжаттар мен әрбір шалғай жатқан елді мекендердегі ауылдардағы мешіттердің құжаттарына ат салысып оның барлығын тіркеп Діни басқарманың бір орталықтан басқаратын орынға тіркеу өте үлкен қажырлық қажет болды. Сонда жастығыма қарамастан 780-ге жуық мешітті екі айда толықтай тіркеуден өткізіп шықтық. Айта кетерлігі, 5-6 мешіті бар кейбір облыстар мұндай жұмыстар үшін 4 ай сұраған болатын. Тіркеуден өткізу жұмыстары оңайға соққан жоқ. Кейбір мешіттерде сауда қатарлары мен дүңгіршектер жұмыс істейтін. Ондайларды иелері бергісі келмеді. Басқа мешіттерде түрлі ағым өкілдері әбден басынып алған, михрабта имам тұрса соның балағын көтеретін жағдайға дейін кездесетін. Ол кез шынында имамдарға қиын болды. Осындай қиындықтарға қарамастан онда бес жылға жуық еңбек еттім. Расында, қазір қарап отырсам ол кезде біраз кемшіліктерге жол берген екенмін. Мүмкін, жастығымыздан бөлек мешіттердің көп болуынан оларды толық аралай алмаған шығармын. Сол секілді кейбір имамдардың жеке мәселелерін назарға ала алмауымда мүмкін. Бұл мәселелер осы уақытқа дейін ойымнан кетпей жүрді.
Ал Жамбыл облысына келер болсам, бүгінде өңірде 421 қызметкер жұмыс істейді. Сол 421 қызыметкердің 421 ойын білгім келеді. Сонда барып менің жұмысым бір нәтижелі болатын сияқты. Себебі біз осы Асыл дініміздің қызметінде болған, қарамағымызда болғандықтан өзіміз сұралынатын адамдармыз. Пайғамбарымыз бір хадисінде «Сендер барлықтарың басшысыңдар, бақташысыңдар өздерің қол астындағылардан сұралынасыңдар»- дейді. Сондықтан Жамбыл облысына имам болып келдім пе, осы өңірдегі діни тақырыпқа қатысты барлық мәселеге қазір адамзаттың алдында да, Алланың алдында да жауапты болып отырған жағдайым бар. Сондықтан бұған бей-жәй қарай алмаймын. Кезінде жастықпен кейбір мәселелерді елемеген дүниелер болды. Шындығында, алғаш имам болғаныма 10 жыл уақыт болдды. Әлбетте, аз уақыт емес. Осы аралықта көптеген кемшіліктерді жібердік. Енді осы өңірге келгенде сол кемшіліктерді болдырмай Асыл дініміздің қызметіне қолымыздан келгенше әрекет жасап, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», халықтың алдында абыройлы қызмет істеуге Алладан жәрдем сұраймыз. Адамдар бір-біріне бауыр шығар, бірақ қандай қызметте отырғаны, оның Алланың алдында қандай үлкен жауапкершілікті көрсететінін байқаған кезде Жаратушымыз амал дәптерімізді оңыннан береме, солынан береме оны бір Алла біледі. Сондықтан амал дәптеріміздің оңынан берілуі үшін әр күні алдыңнан келген адамның көңіліне қарап, сұрағына дұрыс жауап тауып, риза болып, өзінің діттеген мақсатына жетіп кетсе екен деген тілекпен жұмыс істейміз. Аллаға шүкір, Жамбылға келгелі 2 айдың көлемінде көптеген мәселелерді бір ой жетегінде түйіндеп алуға мүмкіндік болды. Елде жраияланған төтенше жағдайға байланысты тек облыс орталығындағы 33 мешіттің барлығымен танысып шықтым. Әлбетте, мұнда маған дейінгі уақытта да имамдар қызмет етіп, барлығын дұрыс жолға қоя білген. Дегенмен осында жаңадан келгеннен кейін өзімше бағалап көргім келді. Сондай-ақ аудандағы мешіттерде де болып, жергілікті әкімдіктерде болып дін саласы бойынша жауапты мамандарымен, ішкі саясат мамандарымен кездесіп, жалпы ахуалы қалай болып жатыр, қандай шешілмей жатқан мәселелеріне қанықтым. Негізінен аудандарда мешіттер аз болғанымен Қордай, Шу қалаларында Алланың үйлері көбірек. Мәселен,. Қордайдың өзінде 65 мешіт болса, оның 35-і көпішілігі Масанчи, Ауқатты, Сортөбеде ауылдарында орналасқан. Байқағаным, дүнген ағайындарымыз тұратын ауылдарда мешіттер көп. Тіпті, әр көшенің бойында десем де болады. Сондықтан ол бір Қордайға қарап мешіт Жамбыл облысында мешіт көп деп айтуға келмейді, себебі кейбір ауылдарда мешіт жетіспеушілігі байқалады. Тараз қаласының өзінде мешіттің аз. Мәселен, 15 ықшам ауданынақ, Арай алқабына мен темір жолдың арғы бетіне өтетін болсақ мешіт таппай қаласыз. Сондықтан әр кез халық өсіп жатыр, кеңейіп жатыр, аудандар кеңейіп жатыр. Сол себептен ол жерлерде мешіт болу керек. Өңірде Алла сәтін салса 2022 жылға дейін 24 мешіттің құрылысын жүргіземіз. Оның барлығын облыстық дін басқармасы, жауапты министрлік арқылы діни басқармаға жіберіп келісімін алдық. Алла қаласа осы 2 жылдың көлемінде сол мешіттердің құрылысы басталады.

– Ол мешіттердің құрылысына қаржы қай жақтан қарастырылады?

– Жалпы, бұл мешіттер кәсіпкерлер мен қайырымдылық арқылы бой көтереді. Бүгінгі күні Тараз қаласында 4 мешіттің құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Өйткені, жаңадан салынып жатқан аудандарға мешіттер қажет. Яғни, облыс орталығына 4 мешіт салынса, қалғаны аудандарда бой көтермек. Соның алғашқысы Жуалы ауданында салынбақ. Аталған ауданның Дүйсебай ауылындағы мешіт алдағы уақытта ауыл азаматтарының және Алматы қаласындағы бір кәсіпкердің күшімен аяқталады.

– Имамдармен қандай жұмыстар жүргізілуде?

– Олардың сұрақтары өте көп, мүмкін облыстық мешіттің оларға уақыттары жетпей жатқан шығар. Имамдармен қайта-қайта кездесіп әрбір ауылдың діни ахуалына зерделеу жұмысын жүргізу үшін оған да бір уақыт бөлу қажет. Сол үшін мен уақытымды соларға бөлуге тырысамын. Әуелі жамағаттан бұрын өзіміздің 420 қызметкерлерді жақсы етене танып, оларды жұмыс істету қабілетін байқауымыз қажет екен. Олардың арасында ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүрген имамдар да баршылық. Сен тимесең мен тиме деп 20 жылдан бері молда болып ауылда елдің барлығын танып алған, артық қимылдағысы келмейтін қызыметкерлерді байқаймыз. Ауылды мекендерде 5-6жылдан бері еңбек етіп көптеген шәкірт тәрбиелеп жас болса да жұмысты атқарып отырған діни кадрлар бар екеніне көзім жетті. Сол кадрларды көтеру керек, ауылды көтерген, көркейткен имам ол ауданды да көркейтетіндігі белгілі. Сондықтан бізге қазіргі таңда ауылдық елді мекендерден бастап барлық кезеңдердегі қиындықтарды бастан кешірген адам, халыққа шынайы діни қызмет жасай алады. Өкініштісі, кейбір осы жоғарғы діни ахуалды бітіріп келіп жатқан азаматтарымыз бірден республикалық маңызы бар мешіттерде имам болғысы келеді, немесе бірден облыстық орталық мешіттерде ұстаз болып қызмет еткісі келеді. Әрине оған қарсы емеспіз. Бірақ грантта оқығаннан кейін ол оны ақтау керек. Ол үшін ол ауылдық жерде шәкірттер тәрбиелеп, дініне үлес қосуы керек-ақ. Содан соң барып қана біз оларды біртіндеп өзінің лайықты қызметіне беруге дайынбыз. Ашығын айтқанда, кейбір жерлерде арнайы мемлекеттік мекеменің өкілдерінің сөзіне қарағанда имамдарының сөзі өтімді болып тұрады. Оны халық біледі. Қордайдағы жағдайдың өзінде мешіттеріңің имамдарының сөзі өтімді болды. Бірақ ол жерде де біраз осы уақытқа дейін жіберіп алған кейбір кемшіліктеріміз байқалды. Соның барлығын қазір реттеуге, қалыпқа түсіруге жұмыс жасап жатырмыз. Аллаға шүкір қазір Қордайдағы мешіттің имамдары қазақша оқуды бастап кетті. Тілмәш жалдап қазақ тілін меңгеру үстінде. Аталған аудандағы медрессе жұмысын толыққанды қолға алдық. Енді 7 жылдық 6 жылдық болмайды. Барлығы талап бойынша 3 жылдық оқу орны болатын болды. Сондай-ақ ол жерде қарилар да дайындалады. Қызметкерлердің саны қайта жасақталып, басшысын қайта тағайындадық. Алдағы уақытта толыққанды ҚМБД ның толыққанды қол астына өтетін болады. Карантин толық аяқталған соң Қордайдан облыстық мешіттің кезекшілігін жасауды жоспарлап отырмыз. Ондағы жағдай бір қалыпқа түскенше біз сол жерде жұмыс жүргізетін боламыз. Сондықтан толып жатқан қызмет, жұмыс көп. Тек шаршамай, босаңсымай, Алланың разылығына қызмет ету керекпіз деп ойлаймын.
– Әңгімеңізге рахмет!
Тегтер: asyldinАсыл дінБейбіт Әліпбекұлы
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Су бұру жүйелерін дамытуға 25 млрд теңге бөлінді

Су бұру жүйелерін дамытуға 25 млрд теңге бөлінді

01.07.2025
Қазақстанның он өңірі 100% сумен қамтылды

Қазақстанның он өңірі 100% сумен қамтылды

01.07.2025
Енді жетім балаларды кәсіби қабылдаушы отбасылар қамқорлығына алады

Енді жетім балаларды кәсіби қабылдаушы отбасылар қамқорлығына алады

01.07.2025
Қарағандыда қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан сатылады

Қарағандыда қайтарылған активтер есебінен 51 медициналық нысан сатылады

01.07.2025
«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

«Миссия невыполнима» актеры Астанаға келмек

30.06.2025
Ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясындағы листинг кезеңі аяқталды

Ауыл шаруашылығы санағына дайындық аясындағы листинг кезеңі аяқталды

30.06.2025
Жамбыл мен Павлодар облыстары бірігіп педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ

Жамбыл мен Павлодар облыстары бірігіп педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырмақ

30.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты