• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕТЕКШІ МЕКТЕПТЕРІНДЕ БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫНА ТАЛАСАДЫ

28.04.2021
0
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ОҚУШЫЛАРЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕТЕКШІ МЕКТЕПТЕРІНДЕ БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫНА ТАЛАСАДЫ
118
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстанның ауыл мектептерінде білім алатын дарынды бес мың оқушының есімдері жарияланды. Олар еліміздің жетекші мектептерінде және Елбасы Академиясының Вirge oqý онлайн мектебінде тегін оқу мүмкіндігі үшін таласады.

«Мың бала» олимпиадасының арқасында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры екінші жыл қатарынан ауыл мектептеріндегі ең қабілетті 5 және 6- сыныптың   оқушыларын анықтап келеді. Олимпиада жеңімпаздары еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: Республикалық физика-математика мектебінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде және Елбасы Академиясының Вirge oqý онлайн мектебінде оқуға мүмкіндік алады.

«Елімізде алғаш рет ауыл мектептері үшін олимпиада онлайн форматта ұйымдастырылды. Тестілеу арнайы әзірленген платформада өтті. Біз  еліміздің көптеген ауылдарын қамтып, тестілеуге 100 мыңға жуық оқушы қатысты. Тесттер кеңістіктік және логикалық ойлау қабілеттерін бағалауға бағытталған. Олимпиаданың 5 мың финалисті арасында еліміз бойынша орташа балл 400 балдың 343-ін құрады. Ол ауыл оқушыларының ғылым, тіл және математиканы оқып-үйрену үшін жеткілікті әлеуеті бар екенін көрсетеді», — деп хабарлады «Елбасы Академиясы» КҚ басқарушы директоры Әнуар Жанғозин.

«Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ауыл жастарының дамуына ерекше көңіл бөледі және ол үшін барлық жағдайды жасап келеді. Мысалы, 2020 жылы біздің мектептің бір ғана қатысушысы финалға өтіп, Birge oqý онлайн мектебінде оқуға мүмкіндік алды. Биыл осындай 7 бала бар. Олардың барлығы Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Республикалық физика-математика мектебінің оқытушыларынан қосымша білім ала алады. Біз өте қуаныштымыз»,-деді Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясының директоры Гүлхан Аманжолова.

Олимпиада финалисі, 6-сынып оқушысы Арнұр Мұқашев өз әсерімен бөлісті: «Мен олимпиада туралы мұғалімнен білген соң, қатысуға  шешім қабылдадым. Мектепте жақсы оқимын және болашақта үлкен жетістіктерге жеткім келеді».

Естеріңізге салайық, олимпиада екі кезеңнен тұрады. I кезең 2-10 сәуір аралығында онлайн форматта өткізілді. Өңірлер бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған 5 мың оқушы олимпиаданың II кезеңіне өтеді. Финалистер тізімімен сайтта танысуға болады.

II кезеңді 2021 жылғы 5 мамырда барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, өңірлік тестілеу орталықтары базасында офлайн режимде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Финалистер математикалық сауаттылық, қазақ тілінде білім алатын оқушыларға қазақ тілі, орыс тілінде білім алатын оқушыларға орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану ғылымдары бойынша академиялық білімдерін бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өтеді.

Тегтер: БайқауМың балаүздік
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

17.05.2025
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский