«Hi-tech» жедел- алдын алу іс-шарасы ақпараттық технологияларды, оның ішінде интернет-алаяқтықпен жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған. Аталған іс-шараның бірінші күні Жамбыл облысының полицейлері интернет-алаяқтықтың сегіз дерегін анықтады.
Мәселен, Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны «Instagram» әлеуметтік желісінде алтын бұйымдарды сату сылтауымен азаматтардың сеніміне кіріп , оларды алдау жолымен ақша қаражатын иемденген. Қазіргі уақытта миллион теңгеден астам сома көлемінде жасалынған алаяқтықтың 15 дерегі анықталды.
Барлық деректерге қатысты ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігін пайдаланушыларды интернет-алаяқтық деректерінің өсуі туралы ескертеді. Сақ болыңыз және қырағы болыңыз!