Өнеркәсіп. 2021 жылдың қаңтар-мамырында 230,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 106,7%.
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 3,9%-ға (22,5 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібі – 8,1%-ға (168,4 млрд. теңге), электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау – 3,6%-ға (37,0 млрд. теңге), сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметтер – 11,4%-ға (2,4 млрд. теңге) өсуі байқалады.
2021 жылы инвестициялар көлемі 435,8 млрд. теңгеге, 2909 жаңа жұмыс орындары құрылатын 11 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде:
(«Kisc» ЖШС-гі — құю цехын жаңғырту, «Жабатаева Л.К.» ЖК — консерві өндірісін ұйымдастыру және көкөніс қоймасын салу «BioVet KZ» ЖШС-гі — GMP және GLP стандартындағы ветеринариялық препараттарды өндіру бойынша биокомбинат салу, «Turan Industry» ЖШС-гі табиғи тастан қаптау плитасын өндіру зауытын салу, «Дәмді себет» ЖШС-гі — ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісін ұйымдастыру, «KORDAY FISH» ЖШС -гі балық өнімдерін өндіру және консервілеу, «Golden Compass Capital» АҚ -ы құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу фабрикасын сал» (ІІ кезең), «BestYard» ЖШС-гі — балық өнімдерін өңдеу зауыты, «AQMOL 2025» ЖШС-гі — сүт өңдеу және ірімшік өндіру бойынша сүт цехын кеңейту, «ОХК» ЖШС-гі және «ХИМ-плюс» ЖШС-нің еншілес компаниясы» — «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында «глифосат (гербицид) өндірісі» және «үш хлорлы фосфор өндірісі» интеграцияланған химиялық кешені, «ЕвроХим-тыңайтқыштар» ЖШС-гі — минералды тыңайтқыштар өндіретін химия зауытын салу).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2021 жылдың қаңтар-мамырында 55,1 млрд.теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 102,9%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 1,2 млрд. теңге (НКИ – 100,0%), мал шаруашылығы – 53,9 млрд. теңге (НКИ – 103,0%).
Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігін 765,7 мың га алаңға орналастыру жоспарлануда. 2021 жылдың 21 мамырдағы жағдай бойынша жазды масақты дәнді дақылдар 221,3 мың га алқапқа себілді (бұл қарастырылған жоспарға 101,3%-ды құрайды).
Шаруашылықтың барлық санаттарында 43,4 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 2020 жылдың қаңтар-мамырына 104,0%, сүт – 113,7 мың тонна (101,4%), жұмыртқа – 50,2 млн. дана (103,3%).
МІҚ саны 2020 жылдың тиісті кезеңіне 9,9%-ға (535,1 мың бас), қой – 5,9%-ға (3532,0 мың бас), жылқы – 9,8-ға (163,8 мың бас) өсті. Құс саны – 2,0%-ға (1824,6 мың бас) төмендеген.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2021 жылы 17163,5 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен — 7260,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен — 9903,4 млн. теңге субсидия көзделген.
2021 жылдың 1 маусымына 5493,7 млн.теңге игерілді. Оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен – 1691,1 млн.теңге, жергілікті бюджеттен — 3802,6 млн. теңге.
Шағын және орта кәсіпкерлік. Жұмыс істейтін субъектілер саны 2021 жылғы 1 маусымына 70,2 мың бірлікті немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 103,2%-ды құрады.
2020 жылдың қаңтар — желтоқсанында шағын және орта кәсіпкерлер субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 696,9 млрд. теңгені (125,6%), шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны – 127,1 мың адамды (99,7%) құрады.
Жалпы тіркелгендер санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК үлесі 81,5%-ды құрады.
«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері қолдаудың барлық қаржы инструменттері арқылы жалпы сомасы 144,3 млрд. теңгені құрайтын 4213 жоба қолдау тапты.
Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы 109,4 млрд.теңгені құрайтын 2191 жоба (2021 ж. – 8414,2 млн. теңгеге, 871 жоба).
«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 13,8 млрд. теңгені құрайтын 1631 жоба жүзеге асырылуда (2021 ж. – 4718,7 млн. теңгеге 905 жоба).
«Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 20,4 млрд.теңгеге 115 жоба іске асырылуда (2021 ж.- 2,9 млн. теңгеге 1 жоба).
«Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша АҮК 670,3 млн. теңге сомасына 267 жоба қаржыландыруға мақұлданды.
ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2021 жылдың қаңтар-сәуірінде 66,0 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылдың қаңтар-сәуіріне 144,1%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 22,3 млн. АҚШ доллары (91,4%), импорт – 43,6 млн. АҚШ доллары (204,7%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 21,3 млн. АҚШ доллары.
2021 жылдың қаңтар-мамырында бөлшек сауда айналымының көлемі 119,3 млрд. теңгені құрап, 2020 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 5,9%-ға артты. Көтерме сауда айналымы — 99,7 млрд. теңге сомасында қалыптасып, 9,8%-ға артты.
Көлік. 2021 жылғы қаңтар-мамырында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңі деңгейіне 4,8%-ға төмендеген, (29,3 млн.тонна), жүк айналымы – 4,7%-ға (1192,7 млн.тн.км.), жолаушыларды тасымалдау – 41,8%-ға (152,0 млн. адам), жолаушылар айналымы – 51,9%-ға (1189,2 млн. жолаушы км).
Инвестиция көлемі 98,2 млрд.теңгені құрап, 21,1% — ға өсті. Өсім Өсім Тараз қаласындағы аммофос өндіру зауытының құрылысына, Меркі ауданындағы суару арналарын, дренаж жүйелері мен құрылыстарын қайта жаңартуға, Қордай ауданындағы Республикалық маңызы бар «Ұзынағаш-Отар» жолын қайта жаңартуға инвестициялар тарту есебінен қамтамасыз етілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 31,4 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 106,5% құрады. Өсім Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылындағы су құбыры құрылыстары мен желілерінің құрылысы, Тараз қаласындағы Сүлейменов көшесінің соңындағы бес қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы, Қордай өткізу пунктін салу және реконструкциялау мен кеңейту, Қордай ауданындағы биофармацевтикалық зауыттың құрылысы есебінен қамтамасыз етілді.
Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 204,3 мың ш.м құрап, 2020 жылдың тиісті деңгейіне 106,8%-ды құрады. 2021 жылғы мамырдағы инфляция деңгейі 2020 жылғы желтоқсанға қарағанда 3,7% — ды құрады. Азық — түлік тауарларының бағасы 4,5% — ға, азық-түлік емес тауарларға -2,9% — ға, ақылы қызметтерге -3,7% — ға өсті.
Облыс бойынша инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіш деңгейінен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары (ҚР-3,5%).
2021 жылдың мамыр айында тұтыну бағаларының индексі үстіміздегі жылдың сәуір айына қарағанда 101,0%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша — 100,5%, азық-түлік емес тауарлары бойынша — 100,4%, ақылы қызметтер — 102,3%.
Азық — түлік тауарлары бойынша 2021 жылғы мамырда баға картопқа — 8,4% — ға, қызылшаға — 7,8% — ға, сәбізге — 6,4%-ға, пиязға — 5,1% — ға, жоғары сұрыпты ұнға — 2,7%-ға, майлар мен майларға — 2,0%-ға (оның ішінде күнбағыс майы — 3,2%- ға), құмшекерге — 1,7%-ға, жоғары сұрыпты ұннан жасалған нанға — 1,2%-ға, сүт өнімдеріне — 1,1%-ға (оның ішінде айран — 3,1%-ға, қатты ірімшік 0,4%-ға, қаймақ — 0,2%-ға), балық және теңіз өнімдері — 1,0% -ға, ет — 0,4%-ға (оның ішінде қой еті — 2,6%-ға, шошқа еті — 0,7%-ға, құс еті — 0,6% — ға, сиыр еті — 0,2% — ға), шай, жарма — 0,3% — ға (оның ішінде ұнтақ жарма — 1,8% — ға, сұлы — 0,3%).
Арпа жармасы мен сүзбе бағасы тұрақты болып қалды. Жұмыртқа, жеміс — жидек пен көкөніс бағасы 0,7%-ға,тары — 0,3%-ға, күріш — 0,1%-ға төмендеді.
Азық — түлік емес тауарлар тобы бойынша мамыр айында дизель отынына — 1,5%, жуу және тазалау құралдарына — 1,3%, бензинге — 1,1%-ға, тұрғын үй-жайларға қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған материалдарға — 0,6%-ға, киім мен аяқ киімге — 0,4%-ға бағалар өсті.
Фармацевтикалық өнімнің бағасы 0,6% — ға төмендеді.
Ақылы қызметтер тобы бойынша ағымдағы жылдың мамыр айында жолаушылар көлігі қызметі 15,1% — ға (қалалық автобуста жол жүрудің тарифтері 30,8%-ға көтерілуіне байланысты), тұрғын үйді жалдау — 1,2%-ға, амбулаториялық қызметтер мен байланыс қызметтері — 0,4%-ға өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтері тұрақты болып қалыптасты.
Салықтар мен бюджет. 2021 жылдың 1 маусымына мемлекеттік бюджетке 61,7 млрд. теңге салықтар мен басқа төлемдер түсті немесе болжамға 123,5%, оның ішінде республикалық бюджетке — 19,5 млрд.теңге болжамға 112,3%), жергілікті бюджетке — 42,2 млрд.теңге (болжамға 129,5%).
2021 жылғы 1 маусымға берешек сомасы 4,0 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 144,5%-ды құрады.
2021 жылға арналған облыс бюджетінің кірістер бойынша жоспар 406,4 млрд. теңге, оның ішінде өзіндік кірістері 81,9 млрд.теңгені құрады.
Меншікті кірістер 42 210,9 млн. теңгеге (жоспар — 32 598,5 млн.теңге) немесе 129,5%-ға орындалды. Оның ішінде, салықтық түсімдер 35 235,4 млн. теңгеге (жоспар – 28 816,3 млн.теңге) немесе 122,3%-ға, салықтық емес түсімдер 1 193,7 млн. теңгеге (жоспар – 492,7 млн.теңге) немесе 242,3%-ға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 781,8 млн. теңгеге (жоспар — 3 289,5 млн.теңге) немесе 175,8%-ға орындалды.
Бюджеттік шығындар 159,6 млрд.теңгеге немесе 99,6%-ға игерілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 23 255 адам қамтылды. Жұмыс берушілердің бос орындарына 7 444 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1 226 адам, жастар практикасымен — 746 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 7089 адам қамтылды.
Жаңадан 16 380 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы – 7 288. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жүгінген 28 628 адамның 16 003-і жұмысқа орналастырылды.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2021 жылдың 1 тоқсанына 176884 теңгені құрады, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда — 22,8%-ға, нақты — 14,7%-ға артты.
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 2020 жылдың 4 тоқсанында 86500 теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,2%-ға, нақты — 9,5%-ға өсті.
2021 жылдың қаңтар-мамырда 62,4 мың тұрғынға 1 526,4 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 1 426,2 млн. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 77,2 млн. теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 23,0 млн. теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға жәрдемақы төленді.
Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы 209,3 млрд. теңге қарастырылды, 88,9 млрд. теңге есепті кезеңі жоспарына 99,8%-ға игерілді.
Білім беру объектілерін дамытуға 2021 жылы бюджет есебінен 7,4 млрд.теңге қарастырылды (оның ішінде республикалық бюджеттен — 32,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен — 5,8 млрд. теңге, «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы» аясында – 1,6 млрд. теңге).
2021 жылы Қордай ауданы Қалғұтты ауылында 180 орындық, «Күнбатыс-2» ауылында 150 орындық, Масаншы ауылында 600 орындық, Байзақ ауданының Бұрыл ауылында 300 орындық мектеп, Тараз қаласы «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабында 600 орындық орта мектеп, сонымен қатар, Тараз қаласында ескі ғимараттарды бұзып, орнына 600 орындық №22 және 600 орындық №2 мектеп құрылыстары жалғасуда.
Байзақ ауданы Көктал ауылында 600 орындық, Сеңкібай ауылында 100 орындық, Шахан ауылында 100 орындық, Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында 300 орындық, Жуалы ауданы Алатау ауылында 100 орындық, Дихан ауылында 180 орындық, Қордай ауданы Арал ауылында 180 орындық, Шу ауданы, Төлеби ауылы Мәмбетбаев көшесі №10 Әл-фараби атындағы 300 орындық мектеп құрылысы, Ы. Алтынсарин мектебіне жапсарлас құрылысы, Тараз қаласындағы №16 орта мектептің ескі «А» корпус ғимаратын бұзып, 348 оқушыға арналған мектеп құрылысы басталды.
«Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Т.Рысқұлов ауданы Луговое а. М.Горький атындағы орта мектеп казандығын газбен жабдықтау, Құлан ауылы Ю.Гагарин атындағы негізгі мектепке спорт зал жапсарлас құрылысын, Байзақ ауданы Үлгілі ауылында Үлгілі орта мектеп ғимаратына қосымша 100 орындық оқу бөлмелерін, Көкөзек ауылы Ақбозов атындағы орта мектеп ғимаратына жапсарлас спортзал және асхана құрылысы, Аймантөбе ауылы Берікқара орта мектеп қазандығын қайта жаңарту, Қордай ауданы Беріктас ауылындағы №28, Қайнар ауылындағы №32, Қақпатас ауылындағы №30, Сарыбұлақ ауылындағы №31 орта мектептердің қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға көшіру, Шу ауданы Көкқайнар ауылында Естемесов атындағы орта мектепті газбен жабдықтау жұмыстарын жүргізу жоспарланды.
Сонымен қатар, Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021жылдарға арналған бағдарламасы аясында Тараз қаласы «Арай» тұрғын алқабында 600 орындық, «Барысхан» тұрғын алабында 600 орындық, «Асқарова» тұрғын алқабында 600 орындық мектеп құрылысы жоспарлануда.
Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі орташа есеппен 1 компьютерге 4 оқушыны құрайды.
Облыстың 442 мектептері Интернет желісіне және «Күнделік» жүйесіне қосылды. 403 мектепте 2563 интерактивті тақталар орнатылды.
2021 жылдың 1 маусымына облыстағы 551 мектепке дейінгі ұйымдарымен (416 балабақша, 135 шағын орталықтар) 56,9 мың бала немесе 91,4% (1-6 жас) қамтылды, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңі деңгейінен 0,3 пайыздық тармаққа артық.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2021 жылы 15,3 млрд. теңге бөлініп, қаңтар-мамыр айларында 6,6 млрд. теңге игерілді, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге — 4,6 млрд. теңге бөлініп, 1,3 млрд. теңге игерілді. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық — техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 2,6 млрд. теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 4,6 млрд. теңге (оның ішінде РБ — 4,1 млрд. теңге, ЖБ — 0,5 млрд. теңге) қарастырылған.
Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласындағы 200 орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жалғастырылуда.
2021 жылғы 1 мамырына туберкулез және наркологиялық аурулар деңгейінің төмендегені байқалады. Психикалық бұзылулар, қант диабетімен, сифилиспен сырқаттанушылық, қатерлі және қан айналымы жүйесі ауруларының өсуі байқалады. Байзақ, Меркі және Талас аудандарында ана өлімінің 3 жағдайы тіркелді.