Жамбыл облысы Полиция департаменті жол-патрульдік полиция батальонының жеке құрамы «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу аясындағы төрт күн ішінде 920 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады және жолын кесті.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР аумағында заңсыз жүрген жақын шетелдердің сегіз азаматы және іздеуде жүрген бір адам ұсталды.
Сондай-ақ, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдарының жүргізушілеріне қатысты 59 әкімшілік хаттама толтырылды.
3 наурызда «Батыс Қытай–Батыс Еуропа» автожолының 460-шақырымында Ақшолақ елді мекенінде жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын бірқатар автокөліктер тоқтатылды. Олардың құжаттарын тексеру кезінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 572-бабы бойынша «жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзу», 593-бабы «жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау», 590-бабы «көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бойынша құқық бұзушылықтар анықталды.
Көлік құралдары айып тұрағына қамалды.
Ерген Руслан, ПД ЖППБ командирі
полиция майор