Кездесуге Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жан-нұр» жастар денсаулығы орталығының гинекологы Қарлығаш Мұратқызы Құлбаева қатысып, жастарға жүктілікті жоспарлау, денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңес берді.
Қатысушылардың арасында денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты көп сұрақтар туындап, маман әрбір сұраққа жауап беріп, түсінік берді.
Кездесу барысында Қарлығаш Мұратқызы жүктілікті жоспарлаудың маңызды аспектілерін атап өтті. Ол жастарға өз денсаулығын күтудің, дұрыс тамақтанудың және өмір салтын дұрыс қалыптастырудың маңызды екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, жүктілікке дайындықтың психологиялық және физикалық аспектілері де назардан тыс қалмады.
Бұндай кездесулер жастар арасында денсаулықты сақтаудың маңыздылығын ұғындыруға және дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Бұл шара өңірдегі жастардың болашағы үшін үлкен мәнге ие болып, жауапты әрі сауатты ұрпақ тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы мен облыстың денсаулық сақтау басқармасы тарапынан ұйымдастырылған бұл іс-шара жастардың денсаулық мәселелері бойынша білімін арттыру және олардың болашақта дұрыс таңдау жасауына ықпал ету мақсатында тұрақты түрде өткізілетін болады.