Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 866 Жарлығымен Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымына Құттыбаева Зарина Қадірбекқызы, Жамбыл аудандық сотының судьясы лауазымына Парманқұлов Бекжан Сәлкенұлы және Тараз қаласының №2 сотының судьясы лауазымына Рыскул Назерке Абзалбекқызы тағайындалды.
Анықтама:
- Құттыбаева Зарина Қадірбекқызы бұған дейін АХАТ, мемлекеттік органдарында түрлі лауазымдарды атқарып, сот орындаушысы болып жұмыс істеген.
- Парманқұлов Бекжан Сәлкенұлы бұған дейін Жамбыл облысының, Алматы және Астана қалаларының соттарында мемлекеттік қызметші болып жұмыс істеген;
- Рыскул Назерке Абзалбекқызы Тараз қаласы мен Жамбыл облысының соттарында мемлекеттік қызметші болып жұмыс істеген.
Облыстық соттың төрағасы судьяларды тағайындалуларымен құттықтап, жаңа қызметтеріне табыс пен сот төрелігін сапалы жүзеге асыруды тіледі.
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі