2020 жылдың 9 желтоқсанда, Жамбыл облысы полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс- шараларын жүргізу барысында, Шу ауданының шаруа қожалығында малшы болып жұмыс істейтін, 27 жастағы жергілікті тұрғыннан жалпы салмағы 12 килограмнан астам «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды.