Ағымдағы жылдың 27 мамырында Жамбыл облысында коронавирусты инфекцияның төрт жаңа жағдайы тіркелді.
Екі науқас Тараз қаласының тұрғыны болып табылады. Олардың бірі байланыста болған тұлғалар арасынан, екіншісі – респираторлық белгілері бар 25 жасар жүкті әйелді ауруханаға жатқызу кезінде анықталды.
Сондай-ақ, Байзақ ауданының 44 жастағы тұрғынында да инфекцияның бар екендігі расталды. Ол да бұған дейін дерт жұқтырған адаммен байланыста болған.
Сонымен қатар, Атырау облысы Теңіз вахталық кентінің 42 жастағы жұмысшысынан аурудың жаңа жағдайы анықталды. Белгіленген алгоритмге сәйкес, өңірге келгеннен кейін ол карантиндік стационарға оқшауланған. Зертханалық талдау қорытындылары оң нәтиже көрсеткен.
Ағымдағы жылдың 27 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында 358 коронавирустық инфекция тіркелді, олардың ішінде Тараз қаласында – 208, Байзақ ауданында — 35, Жамбыл ауданында — 10, Жуалы ауданында – 1, Қордай ауданында — 46, Рысқұлов ауданында – 8, Меркі ауданында — 7, Мойынқұм ауданында — 1, Талас ауданында – 12, Шу ауданында — 2.
Сондай-ақ, Дели — Тараз рейсінен алты оқиға, Теңіз вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 26 оқиға анықталды.
Ауырғандардың ішінен 173 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.