Жамбыл облысында 2021 жылдың 16 сәуірі мен 30 мамыр аралығындаь Уылдырық шашу жедел-алдын алу шарасы өтті.
Іс-шаралар су биоресурстары мен су объектілерін қорғау және сақтау бұзушылықтарын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.
— Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 5 қылмыс және 200 заңсыз балық аулау құқық бұзушылығы анықталды.
Құқық бұзушылықтардың ішінде жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзудың 2 дерегі, жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алу,беру,өткізу,сақтау,алып жүру,тасымалдаудың 7 дерегі, жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың 46 дерегі, балық өсіру және балық шаруашылығы объектілерін қорғау қағидаларын бұзудың 13 дерегі жәнебалық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың 134 дерегі орын алған.
200 тұлғаға қатысты жалпы сомасы 1.954.390 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, оның 977 195 теңгесі өндірілді.
Мәселен, Жамбыл, Талас, Шу және Жуалы аудандарының тұрғындарының атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз алып жүруінің үш және 2 ағаштар мен бұталарды заңсыз кесіп, жойып немесе зақымдаған дерегі анықталды. 5 азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 және 340-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, — деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигіӘшкеев Рахымберді.
Уылдырық шашу жедел-алдын алу шарасы кезінде полицейлер құқық бұзушылардан 56 келіден астам балық, 550 метр синтетикалық монофиламент торлары, 12 тыйым салынған заттар (қолдан жасалған балық ұстайтын құралдар) және бір резеңке қайық тәркіледі.