• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысында тауарлы балық өндірісін 3000 тоннаға жеткізу көзделуде

08.02.2023
0
Жамбыл облысында тауарлы балық өндірісін 3000 тоннаға жеткізу көзделуде
138
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданы Сортөбе ауылындағы «Korday Fish» және «Taraz Eko Fish» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Екеуі де балық, оның ішінде форель өнімдерін  өндіруге бағытталған.

2020-2021 жылдары жүзеге асқан «Korday Fish» жобасына мемлекет тарапынан 3,8 га жер телімі бөлінген. Жылына 500 тонна балық өндіруге қауқарлы серіктестік консервілеу цехын да іске қосуға ниетті. Қазіргі таңда 800 мың шабақ жеткізілсе, тағы 4 млн. шабаққа тапсырыс берілген.

Ал, «Taraz Eko Fish» ЖШС-інде 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 5 га жерге орналасқан жоба қуаттылығы жылына 60 тонна балық өнімдерін өндіруге шақталған.

Айта кетейік, бүгінде Жамбыл облысы аумағында балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлердің саны күннен күнге артып келеді. Осы саланы дамыту мақсатында Жамбыл облысының балық шаруашылығын дамыту өңірлік бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаға сәйкес 2022 жылы облысымыздың аумағындағы 464,3 тонна тауарлы балық өндіру жоспарланып, артығымен орындалды (483 тонна). Оның ішінде 436 тонна форель балығы, 47 тонна тұқы тұқымдас балығы бар.

Сондай-ақ ағымдағы жылы бағдарламаға сәйкес  666,1 тонна тауарлы балық өсіру көзделуде. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, аталған жоспардағы көрсеткішке жету үшін 4,7 млн. дана балық шабағы қажет (1,9 млн. дана форель, 2,8 млн. дана тұқы). Қажетті шабақтар облысымыздағы «Сандель», «Арнұр», «Алтын бұлақ» шаруа қожалықтарының және Шардара, Қапшағайда орналасқан балық өсіру тәлімбақтарынан алынатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде қолға алынған.

  Жалпы, балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы бойынша 2024 жылы 1375,9 тонна тауарлы балық өндірісі жоспарланса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3000 тоннаға жетеді деп күтілуде. Ол үшін 18 инвестициялық жоба қолға алынуда.

Сондай-ақ,  кәсіпкерлерге мемлекеттен түрлі қолдаулар көрсетілуде. Мәселен, 2022 жылы жергілікті бюджеттен акваөсіруді субсидиялауға 78,2 млн. теңге қаражат бөлінген. Оның ішінде жергілікті бюджеттен балық жемдерін сатып алуға кететін шығындардың 30 пайызын субсидиялауға 45,1 млн. теңге, балық шабағына 33,1 млн. теңге бағытталып, толығымен игерілді. Ал, 2023 жылы акваөсіруді субсидиялауға 281 млн.тенге қаралуда.

— Балық шаруашылығын дамыту – өңдеу цехтарын ашуды қажет етеді. Облысымызда балық өңдеумен айналысатын екі балық зауыты бар. Олар:  Мойынқұм ауданында орналасқан Мыңарал балық зауыты мен Меркі ауданында орналасқан Меркі балық зауыты. Екі зауытта жылына 1500 тонна балық ресурстарын өңдеуге қауқарлы. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «ALFISH» ЖШС-гі Мойынқұм ауданы, Мыңарал станциясының маңынан жылына 1000 тонна балық өңдеуге қуатты цехтың құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Облыс аумағында жалпы сомасы 1,9 млрд. теңге болатын, жалпы қуаттылығы 1828 тонна беретін 18 жаңа инвестициялық жоба жұмысы ұйымдастырылуда. Оның ішінде, 8 карп балығын өсіру, 9 форель балығын өсіру және 1 африкалық жайын, бекіре балығын өсіру шаруашылығы бар,-деді табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Данияр Башанов.

Дереккөз: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

Оқушылар қай күні емтихан тапсырады?

11.05.2025
Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

11.05.2025
«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

«Сыр жұлдыздары» атты заманауи орталық ашылды

10.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты