Түнгі рейд Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба аясында жүргізілді
Іс-шараға облыстық Полиция департаменті басшы құрамы мен Жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция қызметкерлері және «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері қатысты.
Облыстық Полиция департаменті, полиция каптитаны Калышев Әлишер рейд жұмыстары алдында кешкі саптық жиын өткізіп, рейдтін мақсатымен таныстырды.
Рейд 29.09.2020 жылы сағат 21:00 де басталып қаладағы кафе-барларда, компьютерлік клубтарда және жастардың жаппай демалатын өзге де орындарында топтар аралап, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болуы, сондай-ақ оларға алкоголь және темекі өнімдерін заңсыз сату бойынша тексерістер жүргізілді. Рейд барысында 6 хаттама толтырылды.
Аталмыш бағыттағы іс-шаралар облыс ПД басшылығының тұрақты бақылауында тұр. Алдағы уақытта да жасөпірімдер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жалғаса беретін болады.
TURANINFO.KZ