М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің «Жастар сарайында» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Мақсұт Нәлібае пен облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербектің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кәсіпкерлер форумы өткізілуде.
2017 жылы «Атамекен» ҰКП және Агенттік арасында ынтымақтастық туралы Келісімді жүзеге асыру бойынша Жол картасына қол қойылған. Республика көлемінде кәсіпкерлерге маңызды 16 саладағы талдаудың нәтижесінде мемлекеттік органдарға анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 800-ден астам ұсынымдар енгізілді.
Олардың іске асырылуы 40-тан астам нормативтік актілердің жобаларында көрініс тапты, олардың 12-і қазірдің өзінде қабылданды.
Ұсыныстардың орындалуының ең маңызды нәтижелері ретінде мемлекет пен салық төлеуші арасындағы қатынастарды ырықтандыруды, жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін негіздердің санының 62% төмендеуін (32-ден 12-ге дейін), салық төлеушілердің әртүрлі санаттары бойынша салықтық әкімшілендіруге дифференцияланған тәсіл енгізуді, салық заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шектеу нормаларын енгізуді.
Жер қатынастары саласында — қазіргі уақытта Парламентте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін бөлудің ашық рәсімдерін қарастыратын заң жобасы келісуде, оның ішінде конкурстық комиссияға қоғам өкілдерін қосу (комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 50%).
Денсаулық сақтау саласында дәрілік препараттарды өндірушілерді тексеру үшін еуропалық жүйені енгізу (тіркеу кезінде ғана емес, үш жылда бір рет) және дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді электронды сатып алуға көшу жоспарлануда.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті, «Атамекен» облыстық кәсіпкерлік палатасы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша Департаментінің арасындағы бірлескен жұмыстың оң тәжірибесін ескере отырып, форум аясында 2018 жылға арналған үш жақты ынтымақтастық туралы Келісімді іске асыру жөніндегі Жол картасына қол қою рәсімі өтті.
Алдағы кезеңге арналған Жол картасының негізгі міндеттері:
• артық бақылау функцияларын анықтау және оларды оңтайландыру мақсатында барлық мемлекеттік аппараттың қызметін талдау;
• лауазымды тұлғалардың бизнестің қызметіне заңсыз араласу үшін жауапкершілігін күшейту;
• мемлекеттік аппараттың клиентке бағдарлануы, оның ашықтығы және бизнес-үдерістерді автоматтандыру болып анықталды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілер мен форумға қатысушылар арасында Pocketbook (әдеп қол кітапшасы) таратылды.
Pocketbook тек қана мемлекеттік қызметшілерге емес, жалпы әдеп нормаларына қызығушылық танытатын азаматтарға арналған. Кітапшада мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақыттағы негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылған және олардың парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері берілген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайлары туындаған сәтте қалай өзінің құқықтарын қорғауға және қайда жүгінуге болатыны жөнінде мәліметтер көрсетілген. Бүгінгі таңда Pocketbook облыс, қала және аудан деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің қолына жетіп, оған жағдаяттық мысалдар бойынша ұсыныстар түсуде.
Форумға қатысушылар: облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудандық қоғамдық кеңес төрағалары мен арнайы мониторингтік топтың мүшелері, азаматтық сектор, бизнес және БАҚ өкілдері.
Айжан Мадимарова
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті