Табиғи ресурстар және табиғаттыпайдалануды реттеу басқармасындаөткен шараға облыс әкімініңорынбасары Қанатбек Мәдібекқатысып, жергілікті билік тарапынанорманшыларға көрсетілетінқолдаулар өз жалғасын табатынынжеткізді.
Ол өз сөзінде аймақ басшысыныңбастамасымен бұл салаға осы жылы280 миллион теңге қаражатбөлінгенін атап өтті.
— Мемлекет басшысы қоршағанортаны қорғауда әсіресе, орманөртінің алдын алу мәселесіне ерекшекөңіл бөліп отыр. Өңірімізде орманөртін болдырмау мақсатындакешенді жұмыстар атқарылуда. Орман қорын тілсіз жаудан қорғау – орман қызметкерлерінің алдындатұрған ауқымды міндет. Облысәкімінің бастамасымен биыл орманшаруашылығы, «Сапсан жеделқызметі» және «Жамбыл суқоймасы» мекемелерініңматериалдық—техникалық базасыннығайтуға 280 миллион теңге қаржықаралып, қажетті техникаларалынуда. Мәселен, біз өткен аптадағана су жаңа техникалардың бірбөлігін тапсырдық. Оның ішінде, МТЗмаркалы 9 трактор мен қажетті ауылжәне орман шаруашылығытехникалары бар. Ал, бүгін 6 Уаз – 236324 автокөлігін табыстапотырмыз. Жалпы, облыста осысаланың материалдық—техникалықбазасын жақсарту үшін 2018-2022 жылдары 1 миллиард 300 миллионтеңге қаржы бөлінген. Нәтижесіндетехникалардың жаңару деңгейі 78 пайызға жетті.Орманшыларға алдағыуақытта «Сапсан жедел қызметінің» арнайы автокөлігі мен жылжымалывагон берілетін болады, — дедіҚанатбек Мәдібек.
Айта кетейік, облыс аумағының 31 пайызға жуығын, яғни, 4,4 миллионгектарын мемлекеттік орман қорықұраса, ондағы 15 орманшаруашылығы мекемелерінде 932 қызметкер қызмет етуде.