Жамбыл облысында қоғамдық қабылдау халықпен кездесудің құралына айналды
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында қоғамдық қабылдау бөлмесі бұрыннан халықтың соңғы баратын мысалы болып қалыптасып кеткен, көптеген тұрғындардың мәселелерін шешуде аянбай еңбек етуде. Мұнда азаматтар соңғы үмітпен қайырылады, қоғамдық қабылдау бөлмесі қызметкерлері мәселенің оң шешімін табуға ықпал етеді.
–Қоғамдық қабылдауды облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, заңгерлер жүргізеді. Сондай-ақ,тақырыптық және республикалық акция шеңберінде қабылдаулар өткіземіз. Бұл ретте біздің мақсат – көмек сұрап келген азаматқа мейлінше көмек көрсету.Ағымдағы жылдың сегіз айында бізге барлығы 4 мыңнан астам адам жүгінген. 40-тан астам пайыз өтініш оң шешілді,- деді партия облыстық филиалының қоғамдық қабылдау меңгерушісі Бақыт Төлемісова.
Ай сайын қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері азаматтардың өтініштері бойынша мониторинг жүргізеді, оның барысында қандай да бір ауданның немесе облыстың өзекті мәселелері анықталады. Оларды шешу үшін жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдерімен кездесулер өткізіледі. Негізінен партияға әлеуметтік-қорғалмаған тұрғындар көмекке жүгінеді. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген азаматтар жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен және оларға материалдық қолдау көрсетуді сұрайды. Әдетте мұндай проблемалар оң шешімін табады.
Бақыт Төлемісованың айтуынша, «Нұр Отан» партиясы биыл жетім балалар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесіне ерекше назар аударды.
— Облыстық жасөспірімдер үйімен біз тығыз байланыста жұмыс істейміз. Биылғы жылы біз жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерінің көптеген мәселерін шеуге ықпал еттік. Олардың ЖОО мен колледждердегі ақыларын төлеп, жұмысқа орналасуына, тұрғын үймен қамтамасыз етуге көмек көрсеттік,-деді ол.
Мысалы, Тараз қаласының тұрғыны, екінші топтағы мүгедек Еркебұлан Алишев қалалық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жұмысқа орналасу мәселесімен қайырылды.
— Мен Жамбыл медколледжінің «Фармацевтика» мамандығын аяқтағанмын, фельдшер болып жұмыс істей аламын және емдік массаж курсын аяқтағанмын , — дейді жас жігіт.
– Бірақ дәріханаға тұрақты жұмысқа тұру мен үшін қиын мәселе болып тұр. Себебі, жұмыс берушілерді қимыл қозғалысымдағы кемістік ыңғайсыздық тудырады. Партия қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков, мені тыңдап, облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесіне жіберді. Мұнда маған жұмысқа орналасуға көмектесті. Енді облыстық психоневрологиялық диспансерде массажист болып жұмыс жасап жатырмын.
— Біз бұл жұмысты жалғастырамыз, — деп атап өтті Бақыт Төлемісова.
– «Нұр Отан» — халықтың партиясы, алдына қойған мақсат міндеті халықты қолдау және әлеуметтік мәселелерді оң шешу. Бұл партияның сайлауалды бағдарламасында да бейнеленген «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық».