Жамбыл облысында мектепке дейінгі білім беретін мекеме саны 545-ке жетті. Онда 55207 бала тәрбиеленуде.
Ағымдағы жылы өңірде 2194 орындық 15 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Жекеменшік балабақша үлесі 31,4% құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2% артық.
Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 3-6 жас аралығында 98%-ға артса, жыл соңына дейін 100%-ға қамтылады.