Ағымдағы жыл соңына дейін тағы 13 бірлік қызметтік көлік беріледі деп күтілуде.
Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, медицина қызметкерлерін құттықтап, саланың өркендеуіне жан-жақты қолдау көрсетіле беретінін айтты.
Санитарлық жедел жәрдем көліктері Байзақ ауданына (2), Жамбыл (3), Жуалы (3), Қордай (2) Т.Рысқұлов (3), Меркі (2), Сарысу (3), Талас (3), Мойынқұм (3), Шу (3), Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік диагностикалық орталығы мен облыстық медициналық орталықтарға 1 данадан табыс етілді.
Облыста бекітілген нормативке сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарын санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету қажеттілігі 272 бірлікті құрайды. Аудандық медициналық ұйымдардың теңгерімінде 235 бірлік санитарлық автокөлік бар, оның 112 – сі 100% тозған. Осы мәселені ескере отырып, тозығы жеткен автокөліктерді кезең-кезеңімен жаңарту бағытында тиісті шаралар атқарылуда.
Айта кетейік, биыл өңірдің медицина саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда.
Мәселен, өткен жылы 24 нысанның құрылысы жүргізіліп, оның 10-ы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында іске асты. 11 нысан күрделі жөндеуден өтті.
Сондай-ақ биыл Ұлттық жоба аясында 3 медициналық-санитарлық нысан пайдалануға берілді.
Жамбыл облысының әкімдігі