2021 жылдың 30 мамырында полицияға Қордай ауданының 38 жастағы тұрғыны шағымданды. Белгісіз тұлғалар оның жайылымынан бір жылқыны жасырын ұрлап, 800 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері сол ауданның бұрын сотты болған 29 жастағы тұрғынын ізін суытпай ұстады.
Анықталғандай, ағымдағы жылдың 27 сәуірінде ұсталған азамат сол ауылдың үйінің сарайынан құны 500 мың теңге болатын жылқыны жасырын ұрлап кеткен. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изолятрына қамаққа алынды.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
ҚР Қылмыстық кодексінде аталған қылмысты жасаған тұлғалардың мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарға өз шаруашылықтарындағы малдың сақталуына бақылауды күшейтуді, оның иесіз жайылып кетуіне жол бермеу қажеттігін ескертеді.