• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КАРАНТИН РЕЖИМІ ЕНГІЗІЛЕДІ

08.04.2020
0
Жаңа қызметтегі Бердібек Сапарбаев жауапты тұлғаларға алғашқы тапсырмаларын жүктеді
341
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

9 сәуірден бастап Жамбыл облысында карантин режимі енгізіледі. Периметрі және облыс аумағы бойынша 27 блок-бекет орнатылды, оның ішінде Тараз қаласында 7 блок-бекет қойылған. Оларда полиция, медицина және әскери қызметшілер қызмет атқаруда.

Осы орайда, 2020 жылғы 9 сәуір сағат 00:00-ден бастап Жамбыл облысының аумағында және облыстың барлық елді мекендерінен кез-келген автокөлік құралдарының және азаматтардың келуіне және шығуына тыйым салынады. Төмендегі жағдайлардан басқа:

— медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, авариялық-құтқару және коммуналдық қызметкерлер, құқық қорғау органдары;

— фармацевтикалық компаниялардың, қызметтік және жеке автокөліктерде отбасы мүшелері және бөтен тұлғаларсыз медициналық мекемелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін зертханалардың қызметкерлері мен мамандары:

— көктемгі егіс және басқа да ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін қажетті тұлғалар мен автокөлік құралдары;

— жерлеу рәсімі кезінде мәйітті таситын 3 бірлік көліктен аспайтын және салт-жоралғыларды атқару қызметкерлері мен марқұмның жақындарын қосқанда 10 адамнан көп емес тұлғалар, тиісті анықтама құжаттары болған жағдайда:

— тұрғылықты жеріне оралу үшін келетін/кететін адамдар және медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін тұлғалар;

— жеке тұлғалар мен автокөлік құралдары, жедел штабтың шешіміне сәйкес (жедел Штаб рұқсат беру тәртібін анықтайды);

— Тараз қаласынан шыққан жағдайда медициналық картадан үзінді көшірме бойынша карантиндік оқшаулаудан өткен басқа өңірлердің тұрғындары мен шет мемлекеттердің азаматтары.

Қоғамдық көліктердің қозғалысы келісілген кестеге сәйкес  шектеледі (07:00-ден 10:00, 12:00-ден 15:00, 17:00-ден 20:00-ге дейін). Оларға жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілген жағдайда ғана  рұқсат беріледі.

Такси қызметі арнайы тіркелген ұйымдармен, тиісті материалдық техникалық санитарлық гигиеналық жағдаймен қамтамасыз етілген автокөлік құралдарында ғана көрсетіледі.

Жанармай құю станциялары, қаржы институттары, банктер, банктік айырбастау пункттерінің штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Келесі жағдайларды қоспағанда, Жамбыл облысының аумағында адамдардың және жеке көліктің еркін жүріп-тұруына тыйым салынады:

— азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу;

— медициналық көмекке жүгіну;

— үй жануарларын тіркеу деректері бойынша тұрғылықты мекенжайы маңында серуендеу, оның өзінде уақытша, 30 минуттан аспау керек;

— мемлекеттік және әлеуметтік көмек алу мақсатында мемлекеттік және өзге де мекемелерге бару;

— күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайлар болған жағдайда;

— көктемгі егіс және басқа да ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін (ауылдық жерлерде).

Бұл ретте бір отбасы мүшелерінен басқа, кәмелетке толмағандарға ересектердің еріп жүруінсіз, сондай-ақ жеке қорғану құралдарын пайдаланбай, оның ішінде көлік құралдарын басқару кезінде 3 адамнан артық (қоғамдық тасымалдауды қоспағанда) отырғызуға және жүріп-тұруына тыйым салынады;

Әкімдіктерге жалғызілікті қарт адамдарды, мүгедектерді қолдау қызметін ұйымдастыру тапсырылды.

Азық-түлік супермаркеттерін, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды, ветеринариялық дәріханаларды, ауыл шаруашылығы техникаларына арналған автобөлшектерді сату, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем-шөптерді өткізу орындарын қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, базарлардың, азық-түлік емес тауарлардың барлық сауда нысандарының, автосалондардың, автоқосалқы бөлшектер сату салондарының, гүл павильондарының қызметі тоқтатылды.

Дөңгелек жөндеу үшін жеке тұрған бокстарды (екіден артық емес), «Қазпочта» АҚ бөлімшелерін, Қонақ үйлерді қоспағанда, барлық қызмет түрлерін көрсету нүктелерінің қызметі тоқтатылады.

Қоғамдық тамақтандыру нысандары тек «тұтынушыларға жеткізіп беру» қағидаты бойынша жұмыстарын сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін жалғастырады.

Халықтың жаппай жиналатын орындарына, оның ішінде жаяу серуендеуге арналған орындарға (көшелерге), саябақтарға, скверлерге, жағалауларға, алаңдарға, балалардың ойын алаңдарына, спорт алаңдарына және қала тұрғындарының өзге де демалыс орындарына кіруге тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетейік, аймақта коронавирустың 45 жағдайы тіркелген, оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу пункттерін кесіп өту кезінде, 6 жолаушы Делиден келген әуе рейсінен анықталған. Тараз қаласында 5 оқиға, Қордай ауданында – 18, Меркі ауданында – 2, Шу, Мойынқұм және Жамбыл аудандарында – бір-біреуден тіркелген.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

17.05.2025
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты