Жамбыл облысының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс- қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында деструктивті діни ағымның жақтаушысы, экстремистік
сипаттағы материалдарды таратқаны үшін Жамбыл ауданы Жалпақ төбе ауылының 33 жастағы тұрғынын ұстады.
-Аталған дерекке қатысты іс материалдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша сотқа жолданды. Аталған істі сотта қарау барысында күдікті кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деп хабарлайды Жамбыл облысының Полиция департаменті.
СНХ – Құтмырзаев Бегман — Жамбыл облысының Полиция департаменті Баспасөз хатшысының міндетін атқарушы