Ағымдағы жылдың 28-30 мамыры аралығында Жамбыл облысының аумағында облыстық ПД бастығының бұйрығына сәйкес, «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. ЖАІШ мақсаты салынған айыппұлдарды құқық бұзушылардан барынша өндіріп алу және қолданылған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттігі туралы халықты ақпараттандыру болып табылады. Іс-шараны әкімшілік, жол және көші-қон полициясы қызметкерлері өткізді.
Алғашқы күннің қорытындысы бойынша, өндіріп алынған айыппұл көлемі 5 млн теңгеден асты. «Борышкер» жедел- алдын алу іс-шарасы ауқымды сипатқа ие және облыстың барлық аудандарында өткізілді. Мысалы, Қордай ауданында бір күн ішінде өндіріп алынған қаражаттың жалпы сомасы 328 275 теңгені құрады, сондай-ақ бес көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.
Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 309 борышкердің үйін аралап шықты. Арнайы тұраққа 83 борышкердің көлік құралы қойылды.
Жамбыл облысы Полиция департаменті Баспасөз қызметі