Жоба бірқатар тренингтер мен семинарлар өткізу үшін Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы құқықтар мен бостандықтар саласындағы азаматтық қоғам мәселелерін жинақтау және талдау көзделген. Жоба аясында жергілікті жерлерде оң өзгерістерге азаматтық қатысу рөлін арттыру мақсатында адам құқықтарын қорғау, азаматтық белсенділік, жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру бойынша оқыту модулі әзірленді. Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қазақтілді ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру үшін медиа-ресурстық орталық (БАҚ) ашу жоспарлануда.
Жоба мақсаты: Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы 600 ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығы мен азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған қазақ тілді аудиторияға арналған оқу модульдерін әзірлеу және енгізу.
— мамандар мен жоба серіктестері ауыл тұрғындарына азаматтық белсенділік пен адам құқықтарын қорғауға арналған қазақ тілінде оқыту модулін әзіреді;
— мамандар мен жоба серіктестері әзірлеген оқу модулінде оқыту арқылы 600 азаматтық белсенді ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығы артады;
Жобаның қазақтілді БАҚ контентін (онлайн БАҚ) әзірлеу және жариялау арқылы Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының 5000 ауыл тұрғындарының сана-сезімі мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру. Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жергілікті ауыл тұрғындарының сыни ойлауын, цифрлық және ақпараттық-құқықтық сауаттылығын арттыру.
— жоба заңгері, ауыл тұрғындарына азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша 200 тегін кеңестер жүргізеді;
— жергілікті ауыл тұрғындарының мәселелерін қазақ тілінде қамтитын тәуелсіз медиа жоба құру;
— жобаның заңды медиа-контентін қамту 5 000 адамды құрады, алынған пікірлер, лайктар, репосттар негізінде алынған мәліметтерге талдау жасалды.
Тренингтің мақсаты – түрлі әлеуметтік топтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және адам құқықтарын қорғау бойынша практикалық білім беру. Қатысушылар өздерінің әлеуметтік мәртебелері мен өмірлік жағдайларына сәйкес ақпарат алды.
Тренингке бюджеттік сала қызметкерлері, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыз азаматтар, мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер, жастар, көпбалалы отбасылар, әлеуметтік осал топтар, кәсіпкерлер, әлеуметтік кәсіпкерлер, құқық қорғау органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қатысты.
Іс-шараға адам құқықтары жөніндегі сарапшылар,заңгерлер, қоғам белсенділері мен мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты.Тренинг аясында интерактивті сессиялар, практикалық тапсырмалар мен ашық пікірталастар өткізілді.
Жобаның Жамбыл облысы бойынша координаторы- Балжан Абдуллаева, «Phoenix» Адам құқықтары жөніндегі қоғамдық бірлестігінің төрайымы
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды