Одан St сегментін көтермей, жедел коронарлық синдром диагнозы анықталды. Коронарлық ангиография жасалып, одан коронарлық арнаның екі тамырлы зақымдануы анықталды. Жүректің ультрадыбыстық зерттеуінде стеноз басым болатын қолқа ақауы анықталды.
Жасанды қан айналымы жағдайында оған қолқа протезін имплантациялау бойынша хирургиялық араласу шұғыл түрде жүргізіліп, коронарлық артерияны аутовенозды қолқа коронарлық шунттаумен қолқа протезі орнатылды. Осылайша, бір операция барысында екі күрделі жағдай бірден реттеліп, екі рет ота жасалмайтын болып шешілді.
Бұрын соңды жасалмаған бірегей хирургиялық араласуды кардиохирургтер Бауыржан Байторе, Мұхамедияр Жайпанов, Марат Ақниязов және Нұрбол Жалел, сондай-ақ реаниматологтар Азамат Оразымбетов пен Ақжан Мырзағұлов жасап шықты.
Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мұхамедияр Жайпановтың айтуынша, операциядан кейінгі кезеңде науқаста церебральды жеткіліксіздік белгілері анықталмаған, аяқ-қолдардың қызметі мен танымдық қабілеттері сақталған. Отадан кейінгі алғашқы тәулікте пациент белсендіріліп, қанағаттанарлық жағдайда жалпы палатаға ауыстырылды.
Күрделі де сәтті жасалған хирургиялық араласу арқасында науқасқа дер кезінде жоғары білікті медициналық көмек көрсетілгендіктен, оның өмір сүру сапасы мен ұзақтығына мүмкіншілік жасалды. Отаның бұл түрі аймақта бұрын жасалмайтын. Сондықтан, мұндай науқастар басқа аймақтарға баруға мәжбүр болатын. Алдағы уақытта өз облысымызда мұндай күрделі хирургиялық ота түрі жасалатын болады.