Қазақстанда МИКС халықаралық зерттеуі өтеді
2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) басталды, ол еліміз бойынша 24 мың үй шаруашылығын қамтиды. Қазақстанның әлеуметтік саясаты мен статистика саласындағы маңызды зерттеуге толығырақ тоқталуға рұқсат етіңіздер.
Қазақстанда MICS зерттеуі төртінші рет жүргізіліп отыр. Бұған дейін ол 2006, 2010 және 2015 жылдары өткізілген.
Бұл зерттеудің мақсаты – балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау үшін қажет негізгі көрсеткіштерді жинау.
Бұл іс-шараның маңызы зор, өйткені MICS-тен алынған мәліметтер бізге базалық көрсеткіштерді белгілеуге, мақсатты анықтауға, ұлттық және халықаралық міндеттемелерді орындаудағы прогресті бақылауға мүмкіндік береді.
Біздің зерттеу Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігімен бірлесе отырып, БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) және Азия даму банкінің қолдауымен жүргізіледі.
Биылғы жылы Қазақстандағы MICS-тің негізгі мақсаты – әйелдер мен балалардың денсаулығы мен әл-ауқатының жай-күйін бағалау және мониторингтен өткізу, сондай-ақ олардың дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша сенімді ақпарат алу. Бұл олардың әл-ауқатын тиімді бақылауға және ұлттық саясаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сауалнама денсаулық сақтау, тамақтану, білім беру, санитария, балаларды ерте жастан дамыту және басқа да көптеген аспектіні қамтитын сұрақтардан тұрады.
Зерттеу Қазақстанның 20 өңірін қамтиды, 2 қыркүйек пен 29 қараша аралығында еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 24 мың үй шаруашылығында сауалнама жүргізілетін болады.
Біздің облысымызда 960 отбасы зерттеуге түсті, оның ішінде:
Тараз қаласы — 144;
Байзақ ауданы — 168;
Жамбыл – 96;
Жуалы – 72;
Қордай – 168;
Т.Рысқұлов – 72;
Мерке – 96;
Мойынкұм, Талас және Шу аудандары бойынша 48 отбасыдан.
Сарысу ауданы іріктемеге түспегендіктен зерттеуге қатыспайды.
Интервьюерлер – ұлттық және халықаралық зерттеулерді жүргізуде тәжірибесі бар және БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі мамандарының Астана қаласында өткізген семинарында оқыған Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері. Бұл оқыту MICS бойынша далалық жұмыстарды жүргізудің негізгі аспектілерін қамтыды.
Сауалнамаға қатысу/қатыспау – азаматтартың өз еркінде. Заңнамаға сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан деректерді жинау процесіне араласуға жол берілмейді. Интервьюерлер Бюро, ЮНИСЕФ, АДБ және ЮНФПА логотиптері баркиім киіп, бейдж тағады. Әрбір бейджде сауалнама туралы сенімді ақпарат алуға болатын ресми веб-сайттың QR сілтемесі көрсетіледі.
MICS 2024 аясында бес негізгі сауалнама парақтары болады:
Үй шаруашылығының сауалнамасы
Әйелдерге арналған сауалнама
Ерлерге арналған сауалнама
Бес жасқа дейінгі балалар туралы сауалнама
Бес жастан он жеті жасқа дейінгі балалар туралы сауалнама.
Әр сауалнама тұрмыс пен денсаулықтың түрлі аспектілерін қамтиды. Барлық сауалнама бейінді мемлекеттік органмен келісілген және қажетті келісуден өткен.
Мысалы, әйелдер мен ерлерге арналған сауалнамада жұмыспен қамту және оқыту, неке, психикалық денсаулық мәселелері қамтылған. Әйелдерге арналған сауалнамада босану және босанғаннан кейінгі көмек туралы қосымша сұрақтар бар.
Бес жасқа дейінгі балалар туралы сауалнамада – ерте жастағы балаларды дамыту, балаларды тәртіпке келтіру, иммундау мәселелері. 5-17 жас аралығындағы балалар туралы сауалнамада балалар еңбегі, ерте дағдыларды дамыту мәселелері қамтылған.
Сауалнамаға қатысу ерікті түрде өтетініне, алынған ақпарат анонимдігі қатаң сақталатынына және оның тек статистикалық мақсаттарда пайдаланылатынына назар аударғымыз келеді. Сондықтан, интревьюерлеріміз баратын үй шаруашылықтарын осы зерттеуге түсіністікпен қарауға шақырамыз. Респонденттер кез келген сұраққа жауап беруден бас тарта алады немесе кез келген уақытта сұхбатты тоқтата алады.
Барлық туындаған сұрақ бойынша жұмыс күндері Бюроның сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейтін 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Аталған зерттеу қорытындысы бойынша есеп Ұлттық статистика бюросының және ЮНИСЕФ сайтында жарияланады.
MICS іске қосылған 1996 жылдан бері 118 елде аталған зерттеу жүргізілген. MICS-тің осы жетінші раундына Қазақстанды қосқанда 27 ел қатысады.
Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі