Бұл туралы Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Жамбыл су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басқарма басшысы Олжас Баққараев Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты.
Былтыр яғни 2023 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 53,675 млн. теңгеге 9 су қойма жөнделді.
Ал, 2024 жылы тағы 9 су қойманы жөндеу жоспарланған, бүгінде барлық су қоймада жұмыстар 100% аяқталды.
Бөлінген қаражат толығымен игерілді.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін мекемеге қарасты 10 су қоймаға көпфакторлы зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жұмыстар 90% орындалды. Бұл жұмыстарға 53,055 млн. теңге қарастырылған.
Өңірлік коммуникациялар қызметі