Бүгінгі таңда өз еркімен өтініш білдірген облыстағы 39 174 білім саласының қызметкері, яғни 94,6 пайызы екпе салдырды.
Екпе салдырғандардың ішінде балабақша тәрбиешілері, бастауыш сыныпқа сабақ беретін педагогтар, колледж ұстаздары, білім басқармасы мен білім бөлімдерінің қызметкерлері бар. Екпе салдырған педагогтардың денсаулығы қалыпты.
Білім мекемелерінде қызмет ететін вакцина алмаған азаматтар аптасына бір рет міндетті ПТР-тест тапсыруы тиіс. Сонымен қатар, білім ордаларында «Ashyq» қосымшасы мектеп қызметкерлері үшін жұмыс істейтін болады. Ал оқушылар термометрияны, маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті. Сыныптарда дезинфекция жүргізіледі. Жаңа оқу жылында бөгде адамдарға білім беру мекемелеріне кіруге тыйым салынады.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы