Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласында 25 мамырда Жартас көлінде жабдықталмаған жерде шомылып жүрген алтыншы сынып оқушысы суға батып кетті. Қайғылы оқиға туралы хабарлама құтқару қызметіне сағат 16.00-де келіп түсті. Құтқарушылар келгенге дейін жергілікті тұрғын 2008 жылы туған жасөспірімді судан шығарып, оған дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге тырысты. Бірақ, өкінішке орай, жасөспірімді құтқару мүмкін болмады. Мән-жайлар анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Оқиға орнына ТЖД-нің 1 бірлік техникасымен 2 қызметкері және жедел- тергеу тобының 1 бірлік техникасымен 4 қызметкері шықты. Құрметті азаматтар! Жамбыл облысы ТЖ департаменті ата-аналарданөздерінің ата-аналық міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды және өз балаларына табиғи ортадағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін үйретуді сұрайды.
Фота интернеттен алынды https://images.app.goo.gl/bcWxGjr97N2Fs7qi7
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің баспасөз қызметі