Мұндай ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «Жас отан» ЖҚ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Болатбек Уалихан Болатбекұлы айтты.
Спикердің айтуынша, «Жамбыл облысында 14 пен 29 жас аралығында 263 157 жас бар. Яғни, жастар жалпы облыс халқының 25,3 пайызын құрап отыр. Оның ішінде қалалық жерлерде – 82 638(Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу) ал, ауылдық елді мекенде – 180 519 жас тұрады.
Партия Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты құрамында 10 аудандық, 1 қалалық филиалдары жұмыс жасайды. Оларға 12 122 мүшесі бар 145 бөлімше біріктірілген, ол облыс жастарының 5 пайызын құрайды.
Облыста 3 жоғары оқу орны мен 49 техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер қызмет етеді. Оның ішінде 28 колледжде «Жас Отан» Жастар қанатының бөлімшелері тұрақты қызмет атқаруда.
Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша жасотандықтардың ұйытқы болуымен 78 іс шара өткізіліп, оған 2 524 жас қатысқан.
Партияның негізгі 7 жобасы болса, оның ішінде жастарға арнайы екі жоба бағытталған. Олар «Сәтті қадам» және «Жастар-Отанға!» жобалары.
«Жас Отан» Жастар қанатының жұмысы негізгі осы екі жобаның аясында жүзеге асырып келді.
Ағымдағы жылдың 28-29 наурыз күндері Астана қаласында «Жас Отан» Жастар қанатының IV съезді өтті.
Аталмыш Съезде Елбасының «Президенттік бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде, «Қазақстан – 2050» Стратегиясында, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Съезд жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен «Жас Отан» ЖҚ өкілдері, сонымен қатар аймақтардағы жастар ұйымдарының көшбасшылары, шығармашыл, ғылыми және жұмысшы жастар қатысты.
Жамбыл облысынан аталмыш сьезд жұмысына қатысуға 50 делегат сайланды,оның ішінде «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері, жас спортшылар, кәсіпкерлер, жайдарманшылар, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенділері, ауыл және жұмысшы жастар бар.
«Жас Отан» Жастар қанаты жыл басынан бері ашық форматтағы іс шараларды өткізуді қолға алып келеді. Соның бірі «Жас Отан» Жастар қанатының Орталық кеңесінің мүшелігіне сайлауы болды. Сайлауға қатысу үшін облыстын 12 адам өтініш беріп, екінші кезеңге 3 кандидат жіберілді. Сайлау қорытындысы бойынша С.Берікқожа орталық кеңес сайлауының жеңімпазы болды.
Тағы бір маңызды іс шараларымыздың бірі Еліміздегі жоғарғы оқу орындарының жатақханаларының рейтингісін әзірлеу қолға алу, осы бағытта облысымыздағы барлық оқу орындарының жатақханаларына зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Ендігі кезекте «Жас Отан» ЖҚ-ның «Жаңа әлемге жол саламыз» атты IV Съезінің қорытынды құжаты туралы айта кетсем, жалпы алдағы уақыттағы біздің жұмыстарымыздың негізгі бағыттары туралы.
«Жас Отан» ЖҚ жас ұрпақтың қоғамдық сана-сезімін қайта түлетуге ықпал еткісі келеді. Біздің әрқайсымыз өз өміріміз бен өзіміздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы үшін ортақ жауапкершілікті сезіне білуге тиіспіз.
Үшінші жаңғырудың бағытын ел Президенті анық белгілеп берді. Ол келесі үш стратегияның маңайында жүзеге асады: қоғамдық сананы жаңғырту, цифрландыру және Бес әлеуметтік бастама.
Қазақстандық жас ұрпақтың бәскеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Жас Отан» ЖҚ өз алдына бірнеше міндеттерді қойды.
Бірінші. Жастар арасында компьютер сауаттылығын кеңінен арттыруға ықпал ету.
Екінші. Қазақ және ағылшын тілдерін дамытуға ықпал ететін ортаны қалыптастыру.
Үшінші. Жастардың мәдени жайдарлылығы (culturalawareness) мен ақыл-ой ашықтығы деңгейін жоғарылату.
Төртінші. Жастар арасына салауатты мінез-құлық пен өмір салты қағидаттарын енгізу.
Бесінші. Жастар арасында кәсіпкерліктің жан-жақты дамуына және оны ынталандыруға ықпал ету.
Ол үшін ең жақын болашақта «Жас Отан» ЖҚ мынадай нақты бастамаларды іске асыруға ниетті:
• алдыңғы қатарлы халықаралық әдістемелер негізінде, мысалы «LovetoCode», еліміздің барлық аймақтарында оқушыларға арналған тегін бағдарламалық курстар ашу;
• әлемдік 10 бестселлерді және бизнес туралы 100 жақсы мақаланы қазақ тіліне аудару және олардың еркін пайдалануға қолжетімді болуы;
• «TeachforAll» халықаралық бастамаға қосылу және шетелдік және қазақстандық жас педагогтарды ауыл мектептерінде сабақ беруге тартуға бағытталған «TeachforKazakhstan» бағдарламасын ұйымдастыру,- деп сөзін қорытындылады Уалихан Болатбекұлы.