Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімі Олжас Қаржауовқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.
Жамбыл облысы прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаевқа Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімі Олжас Қаржауовқа қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары туралы сұрау хат жолданған болатын.
Жауап хат Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаевтан келді.
Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорация «Тараз» АҚ-ның бұрынғы басшысы О.Е.Қаржауовқа қатысты ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағымен №210000131000063 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген.
Айта кетерлігі, «Время» газетінде Жамбыл облысының тұрғындарына мал сатып алуға жеңілдікті несие бөлуге байланысты сотқа дейінгі тергеу материалдары жарияланған болатын.
Осы журналистік тергеу материалдары аталмыш істің қозғалуына себеп болған еді.
Рас, тергеу нұсқасы бойынша, жақсы мақсаттарға бағытталған 78 миллион теңге қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұрланған, ал тағы 50 миллионды «Тараз» ӘКК басшылығымен байланысты компания алған деп көрсетілген.
Олжас Есалханұлы 2021 жылдың наурыз айынан бастап Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімі болып тағайындалды.
Белгілісі 04.02.2022 жылы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесімен қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты аталған қылмыстық іс ҚПК-нің 35-бабының 1-бөлігі 2-тармағының негіздерімен тоқтатылғаны туралы хабарланды.