• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы

19.09.2019
0
Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы
593
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жалпы аталған жоба бойынша тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған 5 бағыт қарастырылып отыр:

Бірінші — үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану;

Екінші — үй ауласында мал және құс өнімділігін арттыру;

Үшінші — ауыл сыртындағы пайлық үлес жерлерді ұтымды пайдалану, сол арқылы жем-шөп, жайылым мәселесін шешу;

Төртіншісі — қосалқы шаруашылықтардың тиімділігіне қол байлау болып отырған мәселелерді кооперативтер арқылы шешу;

Бесінші бағыт — ауылдағы шағын жобаларды қаржыландыру.

Ағымдағы жылы бірінші бағыт бойынша (үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану). 10 пилоттық округтердегі 7 мыңнан астам аулада 1117 гектар үй іргесіндегі жерлер бар. Олардың 853 гектары әр түрлі деңгейде пайдалануда (76%), соның ішінде 157 га (19%) өнімділігі өте төмен жоңышқа егілген. Ал 264 гектар немесе 24% игерілмей жатыр.

Бұған қоса қолданыстағы жердің де өнімділігі өте төмен. Себебі,  сапалы тұқым, тыңайтқыштар мен пестицидтер қолданылмайды және өнім бір-ақ рет  алынады.

Жоба аясында кооператив есебінен тиімді дақылдардың сапалы тұқымымен, пестицидтер және тыңайтқыштармен қамтамасыз етіледі. Және дақылдар екі айналымда егілетін болады. Бұның бәрі әр ауылдық округтың табиғаты, жері, суы ескеріле отырып саналды. 

Ол үшін  298 тонна тұқым, 715 мың көшет, 3,7 тонна пестицид, 164 тонна тыңайтқыш сатып алынады. Бастама ретінде 76 отбасылық жылыжай салынады және сумен қамтуға қатысты жұмыстар жүргізіледі. Технологияны сақтау үшін ауылдық округтер агрономмен қамтылады.

Нәтижесінде өнімділік 2 есеге, өнім көлемі 3 есеге артатын болады. Бірінші бағытқа 968 млн теңге қаражат бөлініп отыр.

Екінші бағыт, үй ауласында мал және құс өнімділігін арттыру. 

Бүгінгі күні аулалар 56% ғана малмен қамтылған, сонымен қатар бар малдың өнімділігі төмен екені белгілі. Бұның бірден-бір себебі жем шөптің, жайылымның жетіспеуінде және рационның құнарсыздығында.

Қосалқы шаруашылықтардың бұл бағытта тиімділігін көтеру үшін, аулалардың мүмкіншілігін ескере отырып, 44 мың мал-құс сатып алу жоспарланып отыр. 

Қолдағы және сатып алынатын мал-құсты тиісті жем-шөппен қамтамасыз ету үшін, тұрғындардың ауыл сыртындағы пайлық жерлері пайдаланатын болады. 

Әрбір ауылдық аймақта құрылатын көп салалы ауыл шаруашылығы кооперативтерін жем-шөппен қамтамасыз етуден бөлек, малды асылдандыру үшін  қолдан ұрықтандыру бекетін ашады және құс шаруашылығына инкубаторлар сатып алады.

Нәтижесінде мал өнімінің көлемі кемінде 2-3 есеге, құстыкі – 11 есеге көбейеді. 

Екінші бағыт бойынша 3,5 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр.

Ауыл сыртындағы пай үлестік жерлерді, бір жағынан, тиімді пайдалану үшін, екінші жағынан, қосалқы шаруашылықтағы мал-құсты жем-шөппен қамтамасыз ету үшін кооперативке 40 трактор, 182 қосалқы қондырғылар, 36 шөп-егін жинайтын техникалар сатып алынбақ. 

Сонымен қатар, 273 тонна малазығы дақылдарының тұқымы, 684 тонна тыңайтқыш және 8 тонна пестицидтер сатып алынады.

Осы мақсатта, тұрғындардың келісіміне сәйкес 4 351 га пай үлестік жерлер біріктіріліп, 19 мың тонна шөп, 7 мың тонна жем, 2 мың тонна сүрлем өндіру жоспарланып отыр.

Бұл саладағы шығындар келесі бағыттың қаржысына қосып саналған.

Төртінші бағыт. Жоғарыда көрсетілген барлық ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін әр ауылдық округте 10 пилоттық көпсалалы кооперативтер тіркелді.

Бірінші және екінші бағыттар бойынша өнім өндіруге, алғашқы өңдеуге арналған жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 734 млн. тг.;

егін егетін және жинайтын техникамен кооперативті жабдықтау үшін 1,4 млрд. тг; 

сапалы тұқымдарды, тыңайтқыштар мен пестицидтерді сатып алу және кооператив жұмысының алғашқы екі айына қажетті айналым қаражатын қоса есептегенде 557 млн. тг. керек. 

Жалпы кооперативтерді құру және жабдықтау үшін барлығы 2,7 млрд теңге қарастырылған.

Әрбір кооператив жұмыс істеп тұрған 13 қайта өңдеу кәсіпорнына байланатын болады. Осының есебінен сүт өңдеу жүктемесі 56%-дан 79%-ға, ет өңдеу — 36%-дан 58%-ға дейін артады.

Кооперативтердің жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін типтік құжаттар, басқарудың оңтайлы моделі әзірленді. Сонымен бірге, бухгалтерлік есеп және іс құжаттарын жүргізу үшін әрбір кооперативтің құрамына «Тараз «ӘКК» АҚ енгізілді.            

Бесінші бағыт ауылдағы шағын жобаларды қаржыландыру. 

Пилоттық ауылдық округтерде қосалқы шаруашылықтан бөлек 137 шағын жобалардың тізімі жасақталды. Оның 16-сы ауыл шаруашылығына қатысты болғаннан кейін жобаға бөлініп отырған 7,2 млрд. теңгенің есебінен қаржыландыру көзделіп отыр. 

Қалған 121 жобаға 469 млн. теңгеге жергілікті бюджеттен бөлінеді.  

Бұл жобаларға қатысушы отбасыларында 1 117 адам болса, оның еңбек жасындағыларының 244 жұмыссыз, 103 зейнеткерлер болса, 32 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушылар тобынан.

Несие алушылардың алғашқы базасы жинақталды. 

Жобалардың іске асуымен 385 жаңа жұмыс орындары құрылып, 137 жеке кәсіпкерлік субъектілері тіркеледі. 

Сонымен 10 пилоттық ауылдық округтерде баяндалған 5 бағыт бойынша келесі нәтижелер күтіледі:

  1. 7 мың отбасы немесе 35 мың адам келесі жылдың қорытындысымен айына кемінде 104 мың теңге (өсім 2,5 есе) табыспен қамтамасыз етіледі, 2022 жылы бұл табыс екі есеге артатын болады; 
  2. 2229 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар міндетті зейнетақы, салық және басқа төлемдерді төлейтін  кәсіпкерлерге айналады.
  3. 10 ауылдық округта ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,3 есеге, 3,5 млрдтан 7,9 млрд теңгеге өседі;
  4. Сүт пен етті қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 20-25% -ға артады.

2019 жылы жобаны қаржыландыру әкімдікке кредит беру жүйесімен «Еңбек» бағдарламасы аясында іске асыру ұсынылады. 

Әкімдік, ары қарай сенім Агенті  арқылы 2,5 пайыздық несиемен тұрғындарды, кооперативтерді қаржыландыратын болады.  

Осы жобаны іске асыруға қатысты барлық ұйымдастыру жұмыстары бекітілген. Соның ішінде бюджеттік әкімші болатын ауыл шаруашылық басқармасының штаттық саны 18 қызметкерге көбейтілді. Аудан, ауыл әкімдерінің арнайы жұмыс алгоритімі бекітіліп, жұмыс топтары құрылды сонымен қатар, әр ауданда «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесінің мамандары әрбір пилоттық округта несие алушылардың құжаттарын қабылдап, Тараз қаласындағы «Тараз» шағын несие ұйымына жолдауда.  Бүгінгі күні «Тараз» шағын несие ұйымына 56 жоба 169 млн. теңгеге өткізіліп, сараптама жасалуда.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбыл облысының ПД бастығы бір күнін балалармен бірге өткізді

Жамбыл облысының ПД бастығы бір күнін балалармен бірге өткізді

14.06.2025
Жамбыл облысында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Жамбыл облысында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

13.06.2025
Қазақстан ұшақтарына Иран, Израиль және көршілес елдер үстінен ұшуға тыйым салынды

Қазақстан ұшақтарына Иран, Израиль және көршілес елдер үстінен ұшуға тыйым салынды

13.06.2025
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

13.06.2025
Әбиба Әбужақынова дзюдодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Әбиба Әбужақынова дзюдодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

13.06.2025
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі отырысын өткізді

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі отырысын өткізді

13.06.2025
Қоғамдық қауіпсіздік – ортақ міндет: Жамбылда қылмысқа қарсы күрес жаңа серпін алды

Қоғамдық қауіпсіздік – ортақ міндет: Жамбылда қылмысқа қарсы күрес жаңа серпін алды

13.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты