• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облысы Сұлутөр ауылында жаңа спорттық кешен пайдалануға берілді

Астана күні мерекесіне орай Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені ел игілігіне берілді.

06.07.2023
0
Жамбыл облысы Сұлутөр ауылында жаңа спорттық кешен пайдалануға берілді
283
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Сұлутөр ауылдық округіндегі жаңа спорттық нысанның ашылуына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, тұрғындарды мерекемен және қуаныштарымен құттықтады.

— Өңірімізде жоғарғы спорт, оның ішінде бұқаралық спорттың дамуына үлкен көңіл бөлінуде. Бұл спорт кешенінде Олимпиада ойындарының, Әлем және Азия біріншіліктерінің чемпиондары мен жүлдегерлерінің көптеп шығатынына сенімім мол. Халқымыздың шынайы серігіне айналған спорт – бүгінде үлкен мемлекеттік қолдауға ие. Бүгінгі күнге облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 482,7 мыңнан астам адамға немесе облыс тұрғындарының 39,6 пайызына жетті. Өңірімізде спорт саласын дамыту үшін биыл жалпы 13,3 млрд. теңге бөлінді. Жаңадан спорт кешендері бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. Өңірде спортпен айналысамын деген әрбір азаматқа қолайлы жағдай жасалуда. Өткен жылы 4 спорт нысаны мен 62 спорт алаңшасы қолданысқа берілсе, қазіргі таңда 23 спорт нысаны мен 38 спорт алаңшасының құрылысы жүруде. Биыл 16 спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Заманауи спорт кешендері бар шалғай ауылдардың да қатары артып келеді,-деді Нұржан Нұржігітов.

Бұдан соң Сұлутөр ауылының ардагері, Қарой ауылдық округінің қоғамдық кеңестің төрағасы Абай Мадалиев сөз алып, мемлекет және облыс басшылығы тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар үшін ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Сондай-ақ, ол жаңа нысан ауылдықтардың игілігіне жарайтынын атап өтті.

«Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында бой көтерген дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінің жалпы құны – 322 миллион теңге. Заманауи үлгідегі, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген нысанның құрылысын «Ай–Дин Тараз құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Сыйымдылығы 150-ден аса адамды құрайтын кешенде ауыл тұрғындары спорттың 10-ға жуық түрімен айналысатын болады.

Айта кетейік, бүгінде Жамбыл ауданы бойынша 171 спорттық нысан бар.

Тегтер: Астана туған күніЖамбыл ауданыспорттық нысанСұлутөр
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

Тараздан екі топ гранд-финалға жолдама алды

17.05.2025
Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Өңірде 11,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

16.05.2025
Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

Үкімет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

16.05.2025
ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

ҰҚК Ақмола облысында жарылғыш заттардың заңсыз айналымының жолын кесті

16.05.2025
PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

PedSTART: Колледж студенттері арасында облыстық педагогикалық олимпиада өтті

16.05.2025
Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

Қауіпті қылмыскер кісі өлтіруге оқталғаны үшін Армениядан экстрадицияланды  

16.05.2025
Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

Еліміздің мектептерінде педагог тапшылығы жойылды

16.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский