Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Кадр саясаты бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен «Спирттік ішімдіктердің ішудың алдын алу», «Суицид, діни экстремизм және терроризм», «Маскүнемдік, нашақорлық, темекі шегудің зардаптары», «Жол көлік оқиғаларының алдын алу» тақырыптарында онлайн-семинар өтті.
Онлайн — семинарда Жамбыл облысы дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкері Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы, Жамбыл облысының нарколог-дәрігері Танатбаева Ляззат Сауранбековна, Жамбыл
облысының психиатр-дәрігері Оспанова Динара Маратбековна, Патрульдік полиция батальонының взвод командирі полиция аға лейтенанты Раймкулов Еркебұлан Сейсеналиевич, аталған тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Нақтырақ айтқанда, онлайн – семинарға қатысқан мамандар өздерінің салалары бойынша — қоғамдық нормаларға түбегейлі қарама-қайшы келетін, шектен шыққан, саясатты және дінді бұрмалауға негізделген, саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан тұрақсыздық салдарынан туындайтын идеологиялық құбылыс туралы; жүйелі түрде спирттік сусындарды қабылдаумен шақырылатын алкогольге патологиялық құмарлықтың пайда болуымен, психикалық, физикалық бұзылыстармен сипатталатын созылмалы психикалық аурулар туралы айтылды; 2020 жылы және 2021 жылғы І тоқсанында ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында жол жүру ережелерін бұзу фактілері туралы тақырыптарын толығымен ашып айтты. Қызықты және өте мазмұнды іс-шараның соңында, қызметкерлер өздерінің оңтайлы сұрақтарына нақты және толық жауаптарын алды.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің Кадр саясаты бөлімі