Ағымдағы жылы Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жасағы – 1 372 адамды құрады
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Көктемгі әскери шақырылымның қорытындысы» тақырыбында брифинг өтті. Аталмыш жиынға Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Асқар Ниязов және Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Ермек Абдуллаев қатысып, белгіленген тақырып аясында ой өрбітті.
Асқар Жақсыбайұлының ақпаратынша «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 449 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 165 Қаулысын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 18 наурыздағы №119 бұйрығын орындау мақсатында, Тараз қаласының және аудандардың қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен бөлімдері арқылы кезекті көктемгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жүргізілді.
2017 жылғы көктемде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын толықтыру бойынша Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жасағы – 1 372 адамды құрады.
Әскери бөлімдерді толымдау эксаумақтық тәртіпте, пропорционалдық есеппен, әскерге шақыру жасағын бөлу негізінде жүзеге асырылды.
Азаматтарды мерзімді қызметке шақыру және оларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына тағайындау, әскерге шақырушылардың ішінен әскери қызметке денсаулығы жарамдылығы, дене және моральды-іскерлік сапасы жоғары, әскерге шақыруға дейінгі алған мамандықтарына қарай іріктеліп, жүзеге асты, — деп айтты спикер.
Көктемгі әскерге шақыру кезеңін қорытындылай келе, белгіленген критерийлері бойынша сипаттама беретін болсақ келесі көрсеткіштерге ие болды:
Білім деңгейі бойынша Жамбыл облысынан әскерге шақырылғандар:
— жоғарғы біліммен – 31 адам;
— орта арнайы біліммен – 660 адам;
— жалпы орта біліммен – 681 адам;
соның ішінде мамандықтарына қарай:
— техникалық мамандықтарда – 643 адам;
— гуманитарлық мамандықтарда– 31 адам;
— басқа да мамандықтар бойынша – 17 адам.
Жоғарыда көрсетілгенге қарай, әскерге шақырылушы жастар гуманитарлы мамандықтардан гөрі, техникалық мамандықтарға көп бейім, айта кетсек соңғы үш жылда техникалық мамандықтар айтарлықтай көп, мысалы: газ дәнекерлеуші, техник механигі, байланыс маманы, электрик, машинист-трактористі, ағаш сүрлеуші және т.б.
Бұл көрсеткіш облыстық мемлекеттік органдардың жоғары ұйымдаса отырып және аса жауапкершілікпен өз жұмыстарын тыңғылықты орындағанның арқасы, айта кетсек, жергілікті атқарушы органдар, денсаулық сақтау, білім беру мекемелері, құқық қорғау органдары және же еңбекті көп қажет ететін жергілікті әскери басқару органдары.
ҚІБ(Б) көктемгі әскерге шақыру кезеңінде 6402 әскерге шақырылушы медициналық куәландырудан өтті, олар:
— денсаулық жағдайы бойынша жарамды — 5178 адам;
— кішкене шектеулі жарамды — 283 адам;
— әскери қызметке уақытша жарамсыз — 57 адам;
— бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында жарамдылығы шектеулі
— 852 адам;
— әскери есепті қоспағанда, әскери қызметке жарамсыз — 32 адам;
Медициналық куәландыру өткізу кезінде азаматтардан мәселелі сұрақтар туындаған жоқ. Тараз қаласының арнайы емханалары мен диспансерлерінде әскерге шақырушыларға медициналық тексеріс және стационарлық көмек кедергісіз және толық көлемде көрсетілді.
Медициналық комиссия бөлмелері барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, дәрігер-мамандар қажетті дәрігерлік құрал-саймандармен қамтамасыз етілген, — деп хабарлады департамент бастығы Асқар Ниязов.