Мемлекеттік сатып алу порталында TURANINFO.kz. тілшісі тендерсіз жасалған келісімшарттардың тағы бір партиясын анықтады. Биылдың өзінде сәуір айында Қордай ауданы, Қақпатас ауылдық округіне қарасты Беріктас ауылындағы «Айсәуле» балабақшасының шатырын жөндеуге «Адал құрылыс БМ» ЖШС мекемесіне 11,5 миллион теңге бөлінді. Жөндеуге тапсырыс беруші «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ.
Жалпы сомасы 513,4 млн теңге болатын келісім-шартты Талас ауданында бірден бірнеше кәсіпкер алған. Оның 18,5 миллион теңгесі және 24,8 миллион теңгесі Берікқара ауылдық округіне қарасты үш ауылға және Талас ауданындағы кейбір көшелерге жарық орнату мен күтіп ұстауға жұмсалмақшы. Сондай-ақ Қаратау қаласындағы тұрғын үйдің шатырын күрделі жөндеуге конкурссыз ақша бөлінсе, ЖШС-не 35,8 миллион теңге, облыстық тас жолға ағымдағы жөндеу жұмыстарына және жол белгілерін орнатуға тағы 40,7 миллион теңге берген.
Бюджет ақшасы «СтройМонтажГрупп» ЖШС-не конкурссыз берілді, ол 136,8 млн теңгеге бірнеше жоғары вольтты электр желілерін қалпына келтіруі тиіс. Ал Қаратауда 6,8 миллионға көшедегі бейнебақылау құрылғыларын ағымдағы жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек.
Айта кетерлігі, көрші ауданда да кәсіпкерлерге бәсекесіз ақша беруді жоспарлап отыр. Мәселен, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы кәріз сорғы стансасы мен тазарту қондырғысының электр желісін қалпына келтіруге мердігер компания «SERPIN GROUP» ЖШС-ге 12,2 млн бөлінген.
Бұндайдан Тараздағы шенеуніктер де шет қалмады. Олар қаладағы арық желілерін күрделі жөндеуден өткізеді делінген «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-не мемлекеттік бюджеттен 892,8 миллион теңгені конкурссыз беруге дайын.
TURANINFO.kz тілшісі мемлекеттік аудит департаментіне осы келісімдердің заңдылығын тексеруді сұрап хат жазды.