Бұл ақпаратты Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Рахимов Күмісбек Рахымұлы ӨКҚ-де өткен брифингте айтты.
Күмісбек Рахымұлының сөзіне сүйенсек, өткен мерзімде осы індеттін 2 жағдайы тіркелген. Қантар айында Тараз қаласында 19 жастағы студент, маусым айында Қордай ауданында, 2 жасқа дейін бала ауырды. Қазіргі танда екеуде ауруханада емделіп жазылып шықты. Ошақтарда эпидемияға қарсы және алдын алу іс-шаралар кешені толығымен ұйымдастырылды (қарым-қатынаста болған 130-дан аса адам күнделікті медициналық бақылауға алынды, алдын алу мақсатымен 100-ден аса адам бактериологиялық жолмен тексерілді, нәтижелері теріс). Қайталанған жағдайлар тіркелмеген.
Менингиттің эпидемиологиялық кезеніне байланысты облыста әр бір аудан аумағында сырқаттанушылық көрсеткіштеріне, эпидемиялық маңызды нысандардың санитариялық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Менингококкты инфекция – ми мен жұлын қабықшасының қабынуы. Жұқпа көзі – науқас адам немесе бактерия тасымалдаушы.
Берілу жолдары: науқаспен немесе бактерия тамысымалдаушымен қатынас болған кезде ауалы-тамшылы жолмен беріледі.
Алдын алу шаралары: иммунитетті нығайту (шынығу, физикалық жүктемелер, серуендеу); Адам көп шоғырланатын жерлерде жөнсіз болудан сақтану, жабық мекемелерде бір реттік пайдаланатын бетперде қолдану ұсынылады. Бөлмелерді жиі желдетіп, ылғалды тазалау жүргізіп отырыңыз. Антибиотиктермен алдын алу мәселесі бойынша – менингит науқасымен қарым қатынаста болғаннан кейін тек дәрігердің ұстанымы бойынша пайдалану керек. Лор-ағзаларының созылмалы аурулары бар науқастар алдын алу емін қабылдау қажет.
Ең маңыздысы – өз бетімен емделмеу, ауру белгілері білінген сәтте дәрігерге қаралу қажет.
Менингитке қарсы жоспарлы егу ҚР Үкіметі Қаулысымен бекітілген Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілмегендіктен жүргізілмейді. Менингитке қарсы екпе алу тек Сауд Аравияға қажылыққа ниет етушілер үшін ғана міндетті болып табылады.
Спикер, өз сөзін біздің облыста қажылыққа ниет етушілерге екпе салу тек №1 емханасында жүргізілуде екендігін айтып түсіндірді.