• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р. Мырзакәрім М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің білімгерлерімен кездесті

23.05.2019
0
Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р. Мырзакәрім М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің білімгерлерімен кездесті

????????????????????????????????????

875
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бүгін, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім облыстық соттың судьялары мен қалалық және оған теңестірілген соттардың төрағаларымен бірлесіп, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті заң факультетінің 3-4 курс білімгерлеріне «Сот жүйесін жаңғырту құқық үстемдігін нығайтуға және сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағдар» атты тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында Р. Мырзакәрім «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған оның ішінде негізгі бағыттардың бірі заң үстемдігін қамтамасыз ету болып танылған бес институционалдық реформаны атап өтті. Ол білімгерлердің назарын сот жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге, татуластыру рәсімдерін кеңейтуге, сот ісін жүргізудің мамандандырылуы мен цифрландырылуына аударды. «Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев белгілеген сот жүйесін жетілдірудің осы бағыттары Жоғарғы Соттың «Сот төрелігінің жеті тастары» басым жобаларының портфелін жүзеге асыру аясында жеке пилоттық жобаларды енгізу арқылы жүзеге асырылады», — деп атап өтті сот төрағасы және әр тасқа жеке-жеке тоқталды.
Спикердің дәрісі елестетуге және соңғы жылдары сот жүйесіне енгізілген жаңалықтардың талдауын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, мультимедиялық — таныстыру слайдтарымен сүйемелденіп отырды.
Одан әрі сөз облыстық соттың судьялары Гүлнара Асылбек пен Динара Нұрлыбаеваға берілді. Олар қатысып отырғандармен бітімгершілік рәсімдерді қолданудың және «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асырудағы өзекті мәселелерімен бөлісті. Спикерлердің ерекше назары Билер кеңесінің, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың, сондай-ақ облыс әкімдігі жанында жұмыс істейтін «Бастау» жұмыс тобының жұмысына аударылды. Топтың жұмысын неғұрлым анық түсіну үшін және спикерлердің сөзін толықтыра отырып Р. Мырзакәрім ювеналды соттың өндірісіне түскен азаматтық даудың шешілгендігін мысалға келтірді. «Істі қараған судья сотқа жүгінген кәмелетке толмаған үш балалары бар азаматтық ерлі-зайыптыларды татуластыруға тырысқан. Судьямен жасалған барлық әрекеттерден еш нәтиже шықпаған, сол кезде жұп «Бастау» жұмыс тобына жіберілген. Топ мамандары қақтығысушы ерлі-зайыптылардың жасырын мәселелерін түйістіріп, оларды шешуге және дұрыс шешім қабылдауға көмектескен. Нәтижесінде, ерлі — зайыптылар татуласып, одан бөлек өз қатынастарын заңды түрде тіркеп, неке жүзіктерімен алмасқан», — деп атап өтті облыстық соттың төрағасы.
«Түнгі сот» пилоттық жобасының мақсаты мен міндеттері туралы Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Берік Оразымбетов айтып берді. Спикердің айтуынша, жоба аясында әкімшілік сот сағат 13.00-ден 22.00-ге дейін жол-көлік құқық бұзушылықтары туралы материалдарды қарайды және жақын арада жәбірленушілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің жоғары көрсеткіштерін көрсетеді. «Жоба жұмыс істеген жылы сот түнгі режимде 400-ден астам әкімшілік істі қарады. Жоба өз тиімділігін көрсетіп, халықтан оң нәтиже алды», — деді Б. Оразымбетов.
Облыс бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Гузаль Тұрдыева және ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Мұхитдин Райымбеков соттардағы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері туралы хабардар етті. Спикерлер өз сөздерінде сот жүйесіне «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, сот процестерінің аудио — бейне бекітуге жазылуы (АББ), ЅМЅ-хабарламалар енгізілгендігін және оны халық пен сот қызметкерлерінің сәтті қолданып жатқандығын айтып, білімгерлерге Smart соттың және «True Conf» мобильдік қосымшасының жұмыс тәртібін көрсетті.
Білімгерлер халықтың татуластыру рәсімдерін қолдану, іске асырылып жатқан жобалар мен ІТ – технологиялар қызметтерін пайдалану мәселелерімен байланысты өзекті мәселелерді белсенді талқылауға шақыртылды.
Дәріс соңында қонақтарға азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот процестері көрсетілді, сот отырысының залдарына экскурсия жасалып және облыстық сот мұражайының экспонаттарымен танысты.
Кездесуді өткізудің мақсаты жастарға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысын түсіндіру болды.

Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі

Тегтер: Жамбыл облыстық соты
Білімгерлермен дәріс

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

14.05.2025
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

14.05.2025
Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

14.05.2025
Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

14.05.2025
Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

14.05.2025
Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

14.05.2025
«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

13.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты