Бүгін Тараз қаласында облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің төрағасын, хатшысы, комиссия төрағалары мен хатшыларын сайлау күн тәртібіне шығарылған болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына орай 2015 жылдың 2 қарашасында елімізде «Қоғамдық кеңестер» туралы Заңы қабылданып, 2016 жылдың ақпан айында облыс аумағындағы 246 мүшесі бар 12 Қоғамдық кеңестер өз жұмыстарын бастаған болатын.
Облыстық Қоғамдық кеңес 18 жалпы, 80 президиум отырысын, 5 қоғамдық тыңдау, 14 жұмыс бағыттары бойынша мониторинг, 5 облыс әкімдігі басшыларының есебін тыңдап, облыс әкімдігінің 300-ден астам нормативтік-құқықтық актілеріне әділет органдарына тіркеу үшін сараптама қорытындылары мен ұсынымдар берумен айналысқан. Облыстағы Қоғамдық кеңестер жұмысының жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Q-KENES.KZ домені негізінде республикада алғашқы болып арнайы сайт ашылды. Дегенмен, бұл ұйымның міндет-мақсаты халық арасында әлі де түсініксіз. Сондықтан, ұйымның маңызды жұмыс бағыттарының бірі, қоғамдық кеңестің жұмысын жан-жақты ақпараттандыру болып табылады.
- «2019 жылдың 9 қаңтарында Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, отыз бірінші сессиясында Облыстық қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді. Сапалық құрамы бойынша: 2 – әйел, 17 – ер азаматтар. Ұлты бойынша: 1 – украин, 1-өзбек, 17 – қазақ. Білімі жағынан ұсыныс берген азаматтардың 19-ы да жоғары білімді. Жаңадан сайланған облыстық Қоғамдық кеңестің 13-і бұрынғы кеңес мүшелерінен болса, 6-і жаңадан сайланған азаматтар болып табылады» — деп мәлімдеді облыстық мәслихат хатшысы Бағлан Қарашолақов.
Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Сембек Әбетайұлы Сейдазимов, хатшысы болып Шәбден Тоқтасынұлы Тілеумұрат сайланды. Кеңесте үш комиссия жұмыс істемек. Бірінші комиссия бюджет, қаржы және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы болып Жандар Кәрібайұлы, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік-мәдени салалар және қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі комиссия төрағасы болып Қалыбек Жапайұлы Атжан, аграрлық саясат, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану, техногендік үрдістер, құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларын дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы болып Жұмахан Мұқашұлы Тәнкібаев бір ауыздан қолдау тапты.
TURANINFO.KZ