Облыс бойынша барлығы 371 елді мекен бар, оның ішінде 262 елді мекен немесе облыс халқының 92,6%-ы (1млн 132мың 817 адам) орталықтандырылған су құбыры ауыз суымен қамтамасыз етілген. 107 елдімекен немесе облыс халқының 7,4% орталықтандырылмаған ауызсумен, (89946 мың адам) ал 352 тұрғыны бар 2 елдімекен немесе 0,1% тасылып әкелінетін сумен қамтамасыз етілген.
Департаменттің бақылауында 249 су құбыры бар, оның 9 — қалалық, 240 — ауылдық, оның ішінде 12 — топтық.
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығына сәйкес халыққа берілетін ауыз судың сапасын үнемі бақылап отырады.
Ауыз судың эпидемиялық қауіпсіздігі оның микробиологиялық және паразиттік көрсеткіштері бойынша нормативтерге сәйкестігімен айқындалады.
Су жолымен берілетін жұқпалы ауруларды анықтау үшін, жұғу жолдарын белгілей отырып, жұқпалы ауруларды тіркеуге апта сайынғы мониторинг жүргізіледі.
Департамент «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалымен бірлесіп «Жамбыл облысындағы 2024 жылға арналған негізгі су тасқыны оқиғаларының жоспары» әзірленіп, келісілді. Су тасқыны кезеңінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығының жай-күйін бақылау бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. Іс-шаралар жоспарына сәйкес басқармалар су басқан елді мекендерде ауыз судың сапасына бақылау жүргізеді.
Басқармалармен су жинау құрылыстарының санитариялық қорғау аймақтарының жай-күйіне үнемі бақылау жүргізілуде.
Жамбыл облысы Өңірлік Коммуникациялар қызметі