• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ 2019 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

15.08.2019
0
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ 2019 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
576
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында Жамбыл ауданының әкімі Бақыт Алпысбайұлы Қазанбасовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бақыт Алпысбайұлы ауданның 2019 жылдың 6 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

2019 жылдың 6 айында ауданның  жалпы шығарылған өнім көлемі                  30 млрд. 310,3 млн. теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 123,2%-ды құрады (2018 жылдың 6 айы – 24 млрд. 591,1 млн. теңге).

Өнеркәсіп саласы

2019 жылдың 6 айында өнеркәсіп саласында 9 млрд. 936,1 млн. теңгеге өнім өндірілді. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 220,4%-ды құрады (2018 жылдың 6 айы – 4 млрд. 507,4 млн. теңге). Нақты индекс көлемі 102,1% болды. 

 

         Ауыл шаруашылығы

2019 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 7 млрд. 033,4 млн. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,6%-ды құрады (2018 жылдың 6 айы – 6 млрд.              245 млн. теңге). Ал, нақты көлем индексі 103,4%-ға жетті. 

Өсімдік шаруашылығы

– Өсімдік шаруашылығы бойынша 310,6 млн. теңгеге өнім өндірілді немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,4%-ды құрады (2018 жылдың 6 айы – 310,6 млн. теңге). Нақты көлем индексі 100%-ға жетті. 

Мал шаруашылығы

– Мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 6 млрд. 245 млн. теңгені құрады немесе 113,5%-ға орындалды (2018 жылдың 6 айы – 6 млрд. 245 млн. теңге). Нақты көлем индексі 103,5%-ға жетті.

Ауыл шаруашылығы дақылдары

Аудан бойынша 2019 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының жоспарлы егіс көлемі 55 300 гектарды құрап отыр. Оның ішінде: 2 000 га күздік бидай,  11 010 га жаздық арпа, 1 500 га дәндік жүгері, 3 640 га майлы дақылдар, 1 500 га қант қызылшасы, 425 га картоп, 7 290 га көкөніс, 535 га бақша, 27 400 га көпжылдық шөп. 

2019 жылдың 17 шілдесі жағдайына 2 026 га күздік бидай, 11 310 га жаздық арпа, 1 672 га дәндік жүгері, 3 151 га майлы дақылдар, 605 га қант қызылшасы, 525 га картоп, 7 660,5 га көкөніс, 740,5 га бақша және 27 165 га мал азығы себілді.

2019 жылдың 22 шілдесіне 9 960 га масақты дәнді дақылдар орылып, жалпы түсім 21 571 тонна құрады (21,7 ц/га). 

        Құрылыс жұмыстары

2019 жылдың 6 айында жалпы көлемі 2 млрд. 744,8 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,5%-ды құрады (2018 жылдың 6 айы – 1 млрд. 996,4 млн. теңге). Ал нақты көлем индексі 134%. 

 

Инвестиция

2019 жылдың 6 айында негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 17 млрд. 147,1 млн. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,8%-ды құрады (2018 жылдың 6 айы – 15 млрд. 616,5 млн. теңге). Нақты көлем индексі 107,6%-ға жетті.

Жан басына шаққанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 206 149 теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,8%-ды құрады (2018 жылдың 6 айы – 189 469 теңге).

 

Сауда тауар айналымы

2019 жылдың 6 айында бөлшек сауда тауар айналымы 3 млрд. 231,3 млн. теңге немесе 133,8% болды (2018 жылдың 6 айы – 2 млрд. 415,7 млн. теңге). Нақты көлем индексі 126,4%-ды құрады. 

Сонымен қатар, көтерме сауда тауар айналымының көлемі 7 млрд. 364,7 млн. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 78,1% болды (2018 жылдың 6 айы – 9 млрд. 426,6 млн. теңге). Нақты көлем индексі 73,7%-ды құрады. 

 

Салықтық түсімдер

Аудан бойынша салықтық түсімдердің орындалуы 105,2%-ды құрады (жоспар 2 695,1 млн. теңге; нақты 2 834,4 млн. теңге). 

Республикалық  бюджет  97,2%-ға орындалды (жоспар 713,8 млн. теңге; нақты 694,1 млн. теңге). 

Жергілікті бюджет 108,0%-ға орындалды (жоспар 1 981,3 млн. теңге; нақты 2 140,3 млн. теңге). Оның ішінде аудандық бюджет 80,6 млн. теңгеге (жоспар 1 419,1 млн. теңге; нақты 1 499,7 млн. теңге),  облыстық бюджет                 78,4 млн. теңгеге (жоспар 562,2 млн. теңге; нақты 640,6 млн. теңге) артық орындалды.

Бюджеттің орындалуы

2019 жылдың 6 айында бюджеттің игерілуі 99,9%-ды құрады (жоспар                 7 015,6 млн. теңге; нақты 7 011,5 млн. теңге). 

 

Кәсіпкерлік

2019 жылдың 6 айында аудан бойынша жалпы тіркелген 4 647 кәсіпкерлік нысандарында 7 534 адам жұмыспен қамтылды. Барлық шағын кәсіпкерлік саласы бойынша есепті кезеңде 8 млрд. 027,5 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл ауданда жалпы шығарылған өнім көлемінің 43,3%-ын құрайды.

 

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2019 жылға жалпы сомасы 73 млн. 705 мың теңге бөлініп, 6 айда игерілгені 49 млн. 267,3 мың теңге. Бұл қаражатқа 17 ауылдық округке 8 ауыл ішілік жолдары, 2 көшенің тротуарларын жөндеу, 1 спорт алаңын және 3 шағын футбол алаңын орнату, 2 шағын футбол алаңын ағымды жөндеу, 1 балалар ойын  алаңын орнату, 1 ҰОС ескерткіштерін жөндеу және 3 ауылды жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. 

Жамбыл ауданы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 35 жобаны іске асыруға барлығы 726 млн. 870 мың теңге қаржы қарастырылды (республикалық бюджеттен 654 млн. 181 мың теңге, облыстық бюджеттен 72 млн. 689 мың теңге). Оның ішінде: электрмен жабдықтауға 8 жобаға – 86 млн. 005 мың теңге, сумен жабдықтауға 1 жобаға – 14 млн. 757 мың теңге, білім нысандарын жөндеуге 3 жобаға – 149 млн. 533 мың теңге, спорт нысандарын жөндеуге 2 жобаға – 175 млн. 809 мың теңге, жол жөндеу жұмыстарына 21 жобаға – 300 млн. 766 мың теңге бөлінді.

Жұмыссыздық деңгейі

Жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға жетті (2018 жылдың 6 айы – 4,5%). Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың орта есеппен жан басына шаққанда 27 982 теңгені құрады  (2018 жылдың 6 айы – 26 315 теңге).

2019 жылдың 6 айында кешенді жоспар бойынша 1 216 адам жұмыспен қамтылды (жоспар – 2 763 адам). Жоспар 44%-ға орындалды. Оның ішінде:        227 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға, 123 адам кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жолданды және 22 адамға шағын несие берілді, 376 адам тұрақты жұмысқа, 107 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 168 адам жастар тәжірибесі бойынша, 193 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. 

 

Нәтижелі жұмыспен қамту

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2019 жылы 1 054 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде 840 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 79,7%-ға орындалды. 

 

Денсаулық сақтау саласы

Денсаулық сақтау саласында 35 мекеме мен ұйымдар халыққа қызмет көрсетеді, онда барлығы 106 дәрігер мен 492 орта буын медицина қызметкерлері бар. Жалпы аудан бойынша 10 мың тұрғынға дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 12,8 промильді құрады (2018 жылдың 5 айы – 13,9).

2019 жылдың 6 айында 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші                            18,67 промильді құрады (2018 жылдың 6 айы – 21,44 промиль). 1000 адамға шаққанда өлім көрсеткіші 5,46 промильді құрады (2018 жылдың 6 айы –                   5,74 промиль). 

 2019 жылдың 6 айында ана өлімі тіркелмеген. Ал 1 жасқа дейінгі сәбилер өлімі көрсеткіші 5,7 промильді құрады (2018 жылдың 6 айы – 11,5). Нәресте өлімі бойынша 5 жағдай орын алған (2018 жылдың 6 айы – 10 жағдай). 

 

                Білім беру саласы

Аудандағы жалпы 37 білім беру ұйымдарының (26 орта, 10 бастауыш,             1 негізгі мектеп) 872 сынып комплектісінде 15 767 балаға 1 899 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 89 сынып комплектісінде 1 484 бала білім алуда. 

Мектепке дейінгі білім беретін 22 балабақшада (2 698 бала) және 20 мектеп базасындағы шағын орталықтарда (1025 бала) барлығы                               3723 бүлдіршін тәрбиеленуде. Ауданда 1 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 86,7 пайызды (облыстық көрсеткіш 84,0%) құрады. 3 пен 6 жас аралығындағы тәрбиемен қамту көрсеткіші – 99,1 пайызды (облыстық көрсеткіш 98%) құрайды. 

 

МәдениетАудан халқына 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 15 ауылдық клуб,                   29 кітапхана, 1 жылжымалы «Зерде» бейнемобиль мәдениет ошақтары қызмет көрсетуде.

Аудандағы кітап қоры 213 мың 275 дананы құрайды. Оның ішінде, мемлекеттік тілдегісі 132 мың 490 дана немесе 62,1%. 2019 жылға кітап қорын ұлғайту үшін 1,2 млн. теңге қаралды. 

        Спорттық нысандар

Қазіргі уақытта ауданда 153 спорт нысаны бар, атап айтқанда: 1 орталық стадион, 1 спорт кешені, 1 ипподром, 79 спорт алаңшасы, 29 футбол алаңы, 8 атқыштар тирі, 33 спорт залы мен 1 дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатын бөлмелер. 

Аса және Түрксіб ауылдарындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 1 488 бала спорттың 18 түрімен жаттығуда.

                Қылмыстық істер

2019 жылдың 6 айында аудан көлемінде жалпы 179 қылмыстық іс тіркеліп (2018 жылдың 6 айы – 232), 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 22,8%-ға төмендеген. 

Сондай-ақ, көшеде жасалған қылмыстар саны 15 істі құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға азайған (2018 жылдың 6 айы – 16). Қылмыстық істердің ішінде көшеде жасалған қылмыстардың үлесі 8,4%-ды құрайды (2018 жылдың 6 айы – 6,9%).

 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

14.05.2025
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

14.05.2025
Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

14.05.2025
Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

14.05.2025
Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

14.05.2025
Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

14.05.2025
«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

13.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты