Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Төлебаев Равиль Қуанышбайұлының қатысуымен «Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық офисінің атқарған жұмысы туралы» баспасөз конференциясы өтті.
Спикердің баяндауынша, департамент және Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп құрылған «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басты жұмысы тұрмыстық жемқорлықты жою, азаматтарға қолайлы жағдай жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру болып табылады.
Агенттік және оның аумақтық департаменттері Жобалық кеңсенің жұмысын сүйемелеуге барынша қолдау көрсетіп келеді. Осы орайда, ағымдағы жылы облысмыздың 10 ауданның барлығында «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері құрылып, өз жұмысын жүзеге асыруда. Басты мақсат жоба кеңселерінің жұмысын ауылдық деңгейге жеткізу.
Сонымен қатар, тұрғындарға сапалы және бір терезе қағидаты бойынша қызмет көрсету мақсатында Тараз қаласында жер және сәулет саласындағы, тұрғын-үй және кәсіпкерлік бөлімдерін біріктіріп 2 сервистік әкімдік ашылды. Сонымен қатар, Меркі, Талас, Сарысу, Шу, Мойынқұм, Байзақ және Қордай аудандары «Сервистік әкімдік» форматына көшті.