Жамбыл облысы Сарысу аудандық сотының судьясы Марат Уркимбаевтың төрағалық етумен 5 мамыр 2022 жылы сағат 16.00 шамасында жәбірленуші «К» есімді азаматтың үйдің алдында тұрған «ВАЗ 2106» маркалы автокөлігінің есіктері құлыпталмағанын пайдаланған «Е.» есімді азамат автокөліктің ішіне заңсыз еніп, автокөліктің ішінде орнатылған құны 14 000 теңге тұратын бір дана қара түсті автомагнитола мен құны 500 теңге тұратын бір дана сымдарын жасырын түрде жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалаған.
Сотталушы «Е.» есімді азамат басты сот талқылауы барысында тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындап, төмендегі жауапты берді. Ол жәбірленуші үйінен шығып бара жатып, есік алдында тұрған автокөліктің есігі құлыпталмағанын пайдаланып, автокөліктің ішіне кіріп, онда орнатылған автомагнитоланы жымқырып кетіп, оны жол-жөнекей орналасқан вулканизацияда бейтаныс адамға 1 000 теңгеге сатып жібергенін, қазіргі кезде жәбірленушіге келтірілген шығынды өтегенін, жәбірленушіден кешірім сұрағанын, істеген ісіне өкінетінін көрсетті. Сотталушының басты сот талқылауында, сотқа дейін тергеу кезінде берген жауаптарына саралау жүргізе отырып, сот олар басқа фактілі деректермен үйлесімді, біркелкі және соттың айыптау үкіміне негіз бола алады деп тұжырым жасады.
Айыпталушы «Е» есімді азамат Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3)-тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын. Сотталған тәртібін бақылау тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне жүктелсін. Сотталған үкім заңды күшіне енгеннен кейін 10 тәулік ішінде есепке қою үшін тұрғылықты жері бойынша пробация қызметіне келу міндеттелсін делінген сот үкімінде.
TURANINFO.KZ