Оның 360 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Жалпы оқу жылы 7,9 мың білім беру ұйымында басталады – мұндай мәліметті Үкімет отырысы барысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.
Бүгінгі таңда өңірлерде оқулықтармен қамтамасыз ету 90%-ға жетеді. 25 тамызға дейін барлық оқулықтар өңірлерге жеткізілетін болады. Әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларға тегін тамақ беруді ұйымдастыру және әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы тегін тамақтанатын болады. Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіледі. Биыл 510 мың бала мектепке дайындалу үшін тиісті көмекпен қамтылды. Осы мақсатта бюджеттен 22,6 млрд теңге қарастырылған, — деді Оқу-ағарту министрі.
Үкіметтің баспасөз қызметі