Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінде
Облыстық Қоғамдық кеңестің жақында өткен Төралқа отырысында ұйымдастыру мәселесі қаралды. Онда:
— Қоғамдық кеңестің аграрлық саясат, ауылдық аумақтарды дамыту, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану және техногендік үрдістер мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Сембек Әбетайұлы Сейдазімов — облыстық Қоғамдық кеңестің хатшысы;
— облыстық кәсіподақтар орталығы, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Бақыткүл Қосалықызы Сапарбаева – облыстық Қоғамдық кеңестің аграрлық саясат, ауылдық аумақтарды дамыту, табиғатты және жер ресурстарын пайдалану және техногендік үрдістер мәселелері жөніндегі комиссияның төрайымы;
— Мұрат Шерниязұлы Ақылбаев – облыстық Қоғамдық кеңестің кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның хатшысы болып тағайындалды.
Облыстық Қоғамдық кеңестің Президиумы хабарлайды.
TURANINFO.KZ