Жамбыл облысы Байзақ аудандық орталық ауруханасының «Шахан» фельдшерлік-акушерлік және «Сарыбарақ» ауылдық медициналық тірек пунктерінің медициналық қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды деп деп хабарлайды «TURANINFO.KZ» ақпараттық агенттігі.
3 мамыр күні «Шахан» фельдшерлік-акушерлік және «Сарыбарақ» ауылдық медициналық тірек пункттерінде жауапты қызметкерлер болмағаны туралы «ютуб» желісінің islambekdastan каналынан жарық шыққан болатын.
— «Тексеру қорытындысы бойынша «Шахан» фельдшерлік-акушерлік мейіргер қызметін атқаратын Қ.Аймырзаевқа және «Сарыбарақ» ауылдық медициналық тірегінің мейіргері М.Сатеновке, жіберілген кемшіліктері үшін «ескерту» тәртіптік жазасы қолданылған болатын. Сонымен қатар, Байзақ ауданы аумағындағы барлық медициналық мекемелермен тірек қызметкерлеріне, алдағы уақытта осындай деректерге жол бермеу, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде барлық талаптарды орындау туралы қатаң ескертілді» деп жауап хатында көрсеткен Байзақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Р.Сапарбеков.
Айта кетерлігі, 2017 жылы облыстық бюджеттен Байзақ ауданы Кеңес пен Шахан ауылдарына баратын ағын су каналдарын механикалық тазалау жұмыстарының нәтижесіне зерделеу жұмыстары жүргізілген болатын. Негізі зерделеу қызметі Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба аясында, Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топ жоспарына сәйкес жүргізілген болатын.