Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Сотталғандардың еңбегін қамтамасыз ету қызметімен мекемелердегі кәсіпкерлікті дамыту үшін конструктивтік және кәсіпкерлер қызметінің тиімділігі қағидаларын басшылыққа алып, жазаларын өтеп жатқан сотталған азаматтардың еңбекпен қамтылған сотталғандардың санын ұлғайту, олардың әлеуметтік оңалуын, сондай-ақ өндіріс пен кәсіпкерлікті дамыту үшін бірлескен және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру жұмыстарын дамыту мақсатында бірқатар іс шаралар ұйымдастырылды. Бұл туралы Turaninfo. kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Нәтижесінде Мекемелерде сотталғандар үшін қосымша жаңа жұмыс орындарын ашу жұмыстарын жүргізу үшін Сотталғандарды ақылы жұмыстармен қамтамасыз ету бойынша департамент және оған қарасты мекемелердің ұйымдастыруымен шағын және орта бизнес субъектілерінің, «Еңбек-Тараз» РМК-нің қатысуымен жұмыстық кездесу, жедел кеңестер үнемі өткізілуде.
duis.zhambyl.kz ресми сайтында бос тұрған объектілер мен өндірістік аумақтардың суреттері мен байланыс телефондары енгізіліп, мекеме аумағында жұмыс орындарын ашу үшін атқарылатын іс-шаралар жазылған жарнама парағы орналастырылды.
Қосымша өнеркәсіптерді тартып, үшінші тараптардың тапсырыстарының көлемін және сотталғандардың еңбекпен қамтылуын көбейту мақсатында Жамбыл облыстық «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасына ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелердегі «Еңбек-Тараз» РМК филиалының бос тұрған ғимараттары мен ондағы негізгі құралдарды, сонымен қатар ұсынылатын қызметтердің тиімділігі жөнінде хаттар жазылып, іс шаралар өткізілді. Жолданған хаттың мазмұны бойынша «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы Жамбыл облысы аумағында орналасқан шағын және орта бизнес өкілдеріне хабарлаулар таратылды.
Сотталғандарды сапалы еңбекпен қамтамасыз ету үшін кәсіби дайындау жұмысы ҚР ҚАК-нің 123-бабына сәйкес тузеу мекемелерінде техникалық және кәсіптік білім беру кәсіби білімі (мамандығы) жоқ сотталғандарға білім беру және кәсіптік даярлау ұйымдастырылып, жүргізілуде.
2021-2022 оқу жылында ҚАЖ мекемелері жанындағы № 15 колледжінде әр түрлі 5 мамандық бойынша 269 сотталған білім алды.
Мекемелерде орналасқан РМК-нің бос ғимараттарын бизнес субъектілеріне Сенімгерлікпен басқаруға беру 2020 жылдан бастап тоқтатылғанына қарамастан мекеме әкімшілігі мекеменің сотталғандары үшін қосымша жұмыс орындарын құру және бизнес субъектілерін ынтымақтасуға тарту мақсатында қолданыссыз бос тұрған тұрғын жай ғимараттарын бизнес субъектілеріне Сенімгерлік басқару шартымен беріп, сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстарды жүргізуде.
Нәтижесінде, бүгінгі күнде жалпы жабық мекемелер аумағында 21 кәсіпкерлік субъект жұмыс істеп жатса, Тараз қаласы аумағында барлығы 5 кәсіпкерлік субъект жұмыс істейді (ЖД-158/5 мекемесі).
Осы ретте егер түзеу мекемелерінің аумағында орналасқан РМК «Еңбек-Тараз» филиалының бос тұрған өндірістік объектілерінің бірінде, атап айтқанда ЖД-158/2 мекемесінде аумағы 750м2 құрайтын Жиһаз жасау цехы, 950м2 құрайтын механикалық цех, 240 м2 құрайтын тігін аумағы орналасса, ЖД-158/4 граниттің кез-келген күрделі бұйымдарын даярлау мүмкіндігі бар 9613 га аумақты құрайтын тас өндіру заводында ірі бизнес өкілдері өз жұмыстарын жүргізсе, сотталғандардың түзелу жолына тұруына, олардың талаптарын өтеулеріне және туыстарына көмек беруге қаражат табуларына кәсіпкерлер орасан септігін тигізер еді.
Себебі жұмыс берушілердің санының қанағаттанарлық жағдайда болуына қарамастан ондағы еңбекке баулығандардың ай сайынғы еңбек ақыларыларының ең төменгі айлық есептік көрсеткішінің жартысына да толмайды, атап айтқанда жеке кәсіпкерлермен еңбек ақы ЖК және ЖШС-дің өнімді өткізуіне байланысты жүргізіледі.
Есептілік кезеңіне ҚАЖ департаментіне қарасты 5 мекеменің нақты есеппен еңбекке жарамды сотталғандар саны 2150 адамды құрап, барлық салалар бойынша ақылы жұмыстарға, сонымен қатар қызмет көрсету жұмыстарына орташа есеппен 1150 адам қамтылды немесе жұмысқа жарамды сотталғандардың еңбекке қамту көрсеткіші 53 пайыз (2021 ж. – 60,5 пайыз). Анықтама бойынша ҚАЖ кәсіпорындарында — 193 адам, шаруашылық қызметте — 161 адам, басқа жұмыстарда — 796 адам қызмет етуде. Департаментке қарасты мекемелердегі еңбекпен қамтылған сотталғандарға маусым айына жалпы соммасы 21 696,6 мың теңгеге жалақы есептелінді. Оның ішінде ЖК, ЖШС 6508,1 мың теңгені және «Еңбек» РМК-ның жасалған жұмыстардың көлеміне байланысты төленген сомма 4958,5 мың теңгені құрады. Мекемеде жаза мерзімін өтеп жатқан сотталғандарының талап қарыздары есептілік кезеңінде барлығы 94 045,92 мың.
Арайлы Жақсылық